Basty bet

«Түнгі қаладағы балалар»

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, шілде айының 27-29 күндері аралығында облыс аумағында «Түнгі қаладағы балалар» атты республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы өтеді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу және оның профилактикасы, соның ішінде, кәмелетке толмағандар тарапынан кешкі және түнгі уақытта жасалатын құқық бұзушылықтардың жолын кесіп, олардың құқығын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және құқықтық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтың алдын алу.
Жуалы АПБ-і тәртіп сақшыларының тексерістері балалардың қауіпсіздігі үшін. Жеткіншектердің түнгі уақытта жалғыз өзі жүрмеуін ата-аналар қатаң қадағалауға тиіс. Мұндай шара өзін-өзі қорғай алатындай жағдайға жете қоймаған жасөспірімдерді әртүрлі заңбұзушылықтан сақтайды!
Досжан БАЙДАЛИЕВ,
Жуалы АПБ-нің ЖПҚб ЮПТ ЖҰЖ аға инспекторы.
Полиция капитаны

Таңдаулы материалдар

Close