Basty bet
1 наурыз – Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні
Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғаныс саласының тарихы
Азаматтық соғыс аяқталғаннан кейін мемлекеттік деңгейде ең алдымен халықты қорғау бойынша авиация қарқынды даму үстінде болды.
Азаматтық қорғаныс саласының басталу жылдары 1918 жылдың наурыз айы болып есептеледі. «Петроград және оның маңы тұрғындары үшін» революциялық қорғаныс комитетін шығару арқылы әуе шабуылы мен қоғамдық мінез-құлық құқығын белгілеп жариялаған және азаматтық қорғаныс саласын анықтайтын алғашқы құжат болып табылады.
1918 жылдың бастапқы кезеңінде тарихшылар әлеуметтік саяси құрылымның пайда болу жүйесін жауапты қорғауға ғана емес, дәйекті индустрияландыру және техникалық жағынан қалыптасып келе жатқан жүйені қайта жарақтандыруын анықтады. Әскери қауіптің алғашқы белгілері Германия тарапынан әкеп соғып, іс-шаралар өткізу бойынша кешенді сақтау болды.
Осыған орай, 1932 жылдың 4 қазанында КСРО халық комиссарлар кеңесінің «Жергілікті әуеге қарсы қорғанысты ұйымдастыру туралы» қаулысын қабылдау мен басталды. Бұл акт барысында Жергілікті әуеге қарсы қорғаныс құрылымы мен ел аймағын әуе қауіптілігінен қорғау болды. Осыған орай, 1932 жылдың 4 қазаны Жергілікті әуеге қарсы қорғаныстың туылған күні болып белгіленіп, ел аумағы мен шекарасын қорғау барысының дамуы болып қалыптасты.
Халықты және аумақтарын әскери қауіптен қорғау барысында мемлекет 1961 жылы Азаматтық қорғаныс саласы бойынша қазіргі заманғы соғыстан қорғау елдің тыныс-тіршілігін қамтамасыз етудің бірден-бірі жолы стратегиялық факторларды құру болды. Жергілікті әуеге қарсы қорғаныс құрылған сәттен бастап жаңа жүйеге тәжірибе, дәстүр, бірсөзбен айтқанда барлық жақсы құрылғылар жатты. Негізінен ұйымдық құрылымы мен оның жүйелі әдістерін қамтамасыз ету болды. Сол уақытта Азаматтық қорғаныс пен Жергілікті әуеге қарсы қорғаныс арасында айырмашылықтар болды. Сол айырмашылықтар қандай болды?
Біріншіден, Азаматтық қорғаныс жалпы мемлекеттік және жалпы халықтық сипаттағы іс-шаралар болды. Олар елдің барлық аумағында жоспарланған жүйеде жүзеге асырылып, әрбір жеке азамат пен ұжымды қамтыды.
Екіншіден, елімізді барлық зақымдаушы факторлардан қорғау, тұрғындар мен аумақты қорғауды қамтамасыз ету болды.
Үшіншіден, азаматтық қорғаныс саласының шешілетін міндертерінің шеңбері кеңейді. Осылайша, оның негізгі міндеттер қатарына соғыс уақытында тұрақты жұмыс пен өнеркәсіппен қамтамасыз ету болды.
Төртіншіден, ядролық шабуыл жасау барысында бірмезгілде жүздеген мыңдаған зардап шеккен адамдарға көмек көрсету жағдайды туындайтының Хиросима және Нагасаки тәжірибесі көрсетті.
ХХ ғасырдың 80 жылдарында табиғи және техногенді төтенше жағдайларды жою алдыналу проблемалары жеткілікті деңгейде болды. 1989 жылдың ортасында КСРО-ның жоғарғы кеңесінің қаулысымен 1990 жылдың 15 желтоқсанында тұрақты жұмыс істейтін КСРО Төтенше жағдайлар Министрлер Кеңесінің комиссиясы құрылды. КСРО ыдырағанға дейін төмендегі комиссия жүйесі болған:
21 тамыз 1991 жылы Төтенше жағдайлар жөніндегі Комиссия құрылған,
19 қараша 1995 жылы Мемлекеттік жағдайлар комитеті құрылған,
10 қазан 1997 жылыТөтенше жағдайлар Комитеті құрылған,
22 қаңтар 1999 жылы Төтенше жағдайлар Агенттігі құрылған,
29 қыркүйек 2004 жылы Төтенше жағдайлар министрлігі құрылған,
6 тамыз 2014 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Төтенше жағдайлар Комитеті.
Қазақстан Республикасының заңының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» № 188-V 3 РК, азаматтық қорғаныс бұл-мемлекеттік жүйенің құрамдас бөлігі азаматтық қорғау кешенін іске асыруға арналған іс- шаралар бейбіт және соғыс уақытында халықты қорғау бойынша және Қазақстан Республикасының аумағында зақымдау факторларының қазіргі заманғы зақымдау құралдарын, табиғи жәнетехногенді сипаттағы төтенше жағдайлар әсерінен қалыптасқан.
Алайда туындаған күрделі мәселелерді шешуге ол толық міндеттелмеген еді. Төтенше жағдайларды жою және алдын алу бойынша нормативтік-құқықтық базасын әзірлеу бойынша болды. Алғаш рет мемлекет тарихында заңнамалық актілер регламенттелген бірыңғай бағытта қалыптасты. Барлық инфрақұрылымы бар тармақталған, тиімді жұмыс істейтін басқару жүйесі қалыптасты. Өңірлік саясаттың арқасында органдар арасындағы әртүрлі деңгейдегі өзара іс-қимылдар нығая түсті. Нәтижесінде мақсатты түрде реформалауай тарлықтай нығайып, азаматтық қорғаныс күштері құрылды, кәсіби тиімді ұтқыр бөлімшелер қалыптасты. Құтқарушылардың кәсіби деңгейі көтерілді.
Техникалық жарақтандыру күштері түбегейлі жақсарды. Азаматтық қорғаныс базасында қарулы күштер құрылып, бейбіт және соғыс уақытында алдын ала бағытталған авариялық- құтқару жұмыстары белгіленген.
Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі