Basty bet

Тазалық жұмыстары жалғасуда

«Тазалық – табалдырықтан басталады» демекші, қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, ауданда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында санитарлық-тазалық жұмыстары өз жалғасын тауып отыр.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының аясында аудан көлемінде көптеген тазалық жұмыстары жүргізілді.

Апта ортасында қоршаған ортаға қамқорлық жасап, өскелең ұрпаққа өнегелі істі насихаттауға бағытталған шара өтті. Іс-шараны аудан әкімдігінің тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мен аудандық «Жастар ресурстық орталығының» мамандары ұйымдастырды.
Сенбілікке үш ауылдық округтің тұрғындары мен мамандары қатысты. Атап айтқанда, Көкбастау, Қызыларық және Нұрлыкент ауылдық округтері. Акцияның басты мақсаты – қоршаған орта мен тұрғындар үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету, азаматтық жауапкершілікті арттыру, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және нығайту мақсатында құрылған қоғамдық игілікке ұқыптылықпен қарау қағидаттарын қалыптастыру.
Акцияға үш ауылдық округтен 100-ден аса адам мен екі техника қатысты. Олар «Теріс-Ащыбұлақ» су қоймасының аумағына санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді. Аталған іс-шара шеңберінде су қоймасының жағалауы күл-қоқыстан тазарып қалды.
Табиғат тазалығы – халық саулығы екенін ескерсек, қоршаған ортаны, табиғатты таза ұстау – азаматтық парыз.
Акция соңында шараға белсене қатысқан азаматтар аудандық «Жастар ресурстық орталығының» Алғысхатымен марапатталды.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы әлі де жалғасатын болады.

Баян Тұрсынқұлқызы,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close