Basty bet

Жас ұрпаққа үлгі болған азамат еді…

Шақпақата ауылындағы №4 Қ.Сағындықов атындағы орта мектепте ұзақ жылдар ұстаздық еткен, саналы ғұмырында елжанды шәкірт тәрбиелеумен айналысқан Сәтбай Дәуренұлын еске алуға арналған футболдан ашық турнирі өтті.
Шақпақата ауылындағы орталық стадионда «Есімі өшпес жүректе» атты турнир өтті. Ашылу салтанаты Мемлекеттік Әнұранмен басталды. Жарыста марқұмның әріптестері, туған-туыс және жора-жолдастары сөз сөйлеп, жарысқа қатысушы жастарға сәттілік тіледі. Замандастары Сәтбай Дәуренұлының ұстаздық салада зор ықыласпен аянбай еңбек еткенін және жомарт азамат болғанын жеткізді.
Футбол бәсекесі Ахметовтар әулиетінің қолдауымен жүзеге асты. Футбол бәсекесіне барлығы 9 команда қатысып, өзара бақ сынасы. Атап айтар болсақ Түркістан облысынан «Қарағашты», «Шақпақбаба» және «Көлтоған», «Теріс», «Шақпақата-1», «Шақпақата жастары», «Мыңбұлақ», «Жуалы жастары», Тараз қаласынан «Сахзавод» құрамалары қатысып, өзара бақ сынасты. Турнирге ардагер ұстаз Махамбет Сарымсақов төрешілік етті.
Достық көңіл-күйде өткен футбол турнирінің ойындары тартысқа толы болды. Әрбір команданың жеңіске деген ұмтылысы жоғары болғаны анық байқалды. Алты сағатқа созылған турнирдің қортындысында «Көлтоған» командасы IV орын алып, 25 мың теңгені иеленсе, Тараз қаласынан келген «Сахзавод» команадасы III орынды қанағат тұтып 50 мың теңгегені қанжығаға байлады. Ақтық мәреде ғана сүрініп ІІ орын алған «Мыңбұлақ» командасына 75 мың берілсе, Түркістан облысынан келген «Шақпақбаба» командасы турнирдің чемпионы атанып, кубокпен марапатталып және 100 мың теңге көлеміндегі қаржылай сыйлықты иеленді.
Жүлделі орын алған барлық командаға арнайы Дипломдар мен медальдар табысталды. Турнир барысында жоғары деңгейде ойын көрсеткен ойыншылар да назардан тыс қалған жоқ. Көлтоған ауылынан «Үздік қақпашы» Дәулет Жарас және «Шақпақбаба» құрамасынан «Үздік қорғаушы» Қайсар Мейірманов, «Шақпақата» құрамасынан «Үздік жартылай қорғаушы» Нұрболат Молдабай және «Сахзавод» құрамасынан «Үздік шабуылшы» Ерболат Мақсат аталған номинациялармен марапатталды. Әміржан Құлжабаев жеңімпаздарға Диплом және ақшалай сыйлықтарын табыстады.
Түскі үзіліс кезінде марқұмның үйінде Құран оқытылып, көрші-қолаңға ас таратылды. Жарыстың жалпы жүлде қоры – 500 мың теңгені құрады.

Ақжан ІЛИЯСҰЛЫ,
Шақпақата ауылы

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close