Basty bet

Әдеп мәселесінің маңызы зор

Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында»,- деп көрсетілген.
Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» – Бас құжаттың алғашқы 15-i мемлекеттiк аппаратты кәсiбилендiруден басталады. Осыған орай, мемлекеттiк қызмет саласындағы заңнамаларға түбегейлi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлiп, қабылданған мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінде этикалық нормаларды бұзуға әкелетін және жемқорлық құбылыстар туындататын жағдайлардың алдын алу бойынша шаралар қарастырылған. Жүйедегi өзгерiстер сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiктi қалыптастырып, мемлекеттiк менеджменттiң, халықтың алдындағы абырой-беделiн көтерiп, оның сапалы моделiн жасауға бағытталған.
Мемлекеттiк қызметтiң жаңа принциптерi тиiмдiлiк, нәтижелiлiк, ашықтық, меритократия, этика талаптарын сақтау, құқықбұзушылыққа төзбеушiлiк сияқты бiрқатар iзгiлiктi құзыреттермен толықтырылған. Сондықтан олардың бойында коммуникативтiлiк, ұйымдастырушылық, ұжыммен бiрлесе жұмыс жасай бiлу, мақсатты дұрыс анықтап, алдағыны болжау сияқты стратегиялық-логикалық қасиеттер табылуы қажет. Осының iшiнде, әсiресе, әдеп мәселесiнiң маңызы зор деп айтсақ болады.
Мемлекеттiк қызметшiлер жұмыс уақытынан бөлек, бос уақытында да әдеп кодексiн ұстануы мiндеттi. Оның iшiнде қызметкердiң сыпайы, адал, сабырлы, салмақты, ұқыпты болуы және кез келген ортада өзiн iскерлiк стильге сай ресми түрде ұстауы мiндеттелген. Сондай-ақ, мемлекеттiк қызметшi елiмiздегi тiлдерге, салт-дәстүрлерге сыйластықпен қарап, әдiл де заңды шешiмдер қабылдауы, жалған ақпар таратпауы, сын айтқаны үшiн бiреудi қудаламауы және мемлекет меншiгiн тек қызмет бабында пайдалануы қажет. Мұнан бөлек, мемлекеттiк қызметшi жемқорлық фактiсiне қатысты, тiптi, есiмiнiң аталуына жол бермеуi, қоластындағыларды кемсiтпеуi және қызметкерлердiң барлығына құрметпен қарауы тиiс.
Мемлекеттiк қызмет – бұл барлық мемлекеттiк басқаруды ұйымдастыруда жетекшi рөлге ие, ең маңызды тетiктердiң бiрi. Мемлекеттiк қызметшiнiң моральдық бет-бейнесi мен этикасына айрықша көңiл бөлiнуiнiң себебi – оның iскерлiгiн ғана емес, айналасындағыларға деген құрметi мен iзетiн де жетiлдiру. Себебi, мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiмi мен бiлiктiлiгiне және жүрiс-тұрысына қарай қазiргi қоғамда халықтың атқарушы билiк жайлы көзқарасы мен оған деген сенiмi қалыптасатыны да белгiлi.
Сондықтан, «Бiз мемлекеттiк қызметтiң кадрлық құрамын iрiктеу және кәсiби даярлықтың жетiлдiрiлген әдiстемелерiн енгiзу арқылы сапалы түрде жақсартуымыз керек» деп, мемлекеттiк қызметке деген мiндеттердi айқындап, еліміздің мемлекеттік қызметшілерінің әдеп стандартын сақтауы сенімді түрде өркендеген, мәдениеті жоғары мемлекет болуға қол жеткізудің нысаны екендігін аңғартады.
Бүгінгі таңда, Қазақстанның мемлекеттік қызметшісі халықтың мемлекеттік органдарға сеніммен қарайтын, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыратын бейне.

Марат Қасымбеков,
аудан әкімдігінің
кәсіпкерлік және
өнеркәсіп бөлімінің басшысы

Таңдаулы материалдар

Close