Basty bet

Oқушыларға кәсіби бағдар берілді

Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі мен №7 өрт сөндіру бөлімі бірлесіп ағымдағы жылдың 31 қаңтар күні Теріс ауылы №16 С.Сейфуллин атындағы орта мектеп және Қайрат ауылы №2 Мынбұлақ орта мектебінің оқушылары арасында «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.
Кездесу барысында аудандық №7 өрт сөндіру бөлімінің құрылуы және сонымен қатар ҚР ТЖМ-нің М.Ғабдулин атындағы Азаматтық қорғау акдемиясына оқуға түсу шарттары мен оқу тәртібі айтылды. Оқушылар ашық есік күнінде өрт сөндіру-құтқару техникаларымен, құтқару жабдықтарымен, жалпы от жауынгерлерінің тыныс-тіршілігімен танысты.
Оқушылар бөлімдегі өрт сөндірушілердің күн сайын өз өмірін қатерге тігіп, адамдар мен тұрғын үйлерді оттан, төтенше жағдайлардан құтқаратын жұмыстарымен танысуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ лаулап тұрған өртті ауыздықтауға, қысқы уақыт ішінде ғимараттардың жоғарғы бөлігіне немесе шатырға шығуға ең қауіпті аймақтардағы өрттен адамдарды алып шығуға, өрт сөндіру және құтқару техникасы мен құрал-жабдықтары да көрсетілді. Ал мектеп оқушылары болса, өрт сөндіру мамандарының шұғыл іс-әрекеттеріне қызығушылық танытты.
Бұл кездесудің басты мақсаты да сол төтенше жағдайларда мектеп оқушыларының қауіпсіз өмір сүру дағдысын дамыту және жетілдіру алған білімдерін тәжірибе ретінде пайдалану. Өрт техникалық қағидаларын жедел құтқару жарақтарымен құтқарушылардың қызметін жас ұрпаққа таныстыру және оларға кәсіби бағдар беру болатын.

Аудандық №7 Өрт сөндіру бөлімі

Таңдаулы материалдар

Close