Basty bet

“Сенім” жастар денсаулық орталығы

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және Жамбыл облысы бойынша жастар денсаулық орталығының жұмысын жандандыру мақсатында, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 13 бабының 4 тармақшасы, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының «Жамбыл облысы бойынша жастар денсаулық орталығының жұмысын жандандыру туралы» 15.04.2021 жылғы №204-ө бұйрығын орындау мақсатында 20.04.2021 жылы № 111-ө бұйрығы шығып Жуалы аудандық орталық ауруханасынан «Жастар денсаулық орталығы» ашылып, қазіргі таңда жұмыс жүйелі жұмыстар атқарылуда.
«Сенім»жастар денсаулық оралығының мақсаты – жасөспірімдер мен жастар арасында саламатты өмір салтын насихаттау, репродуктивті денсаулықты қорғау, оның ішінде ерте жыныстық белсенділіктің алдын алу, контрацептивтерді қолдану, қалаусыз жүктіліктің алдын алу, отбасын жоспарлау және жыныстық жолмен берілетін инфекциялар туралы ақпараттандыру.

«Сенім» жастар денсаулық орталықтары қандай көмек көрсетеді?
Жастар денсаулық орталықтары (Жастар денсаулық орталықтары) – репродуктивті және психикалық денсаулық мәселелері бойынша 10 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға және 18 бен 29 жас аралығындағы жастарға медициналық, емдік-профилактикалық көмек, психоәлеуметтік және құқықтық қызмет көрсетеді.
Орталықтан қандай қызметтер, көмек және қолдау алуға болады?
Репродуктивті және психикалық денсаулық мәселелері бойынша ақпараттық қызметтер;
Гинекологтың, урологтың, дерматовенерологтың консультативтік көмегі;
Емдеу-профилактикалық көмек: репродуктивті денсаулық ауруларының (соның ішінде ЖЖБИ) алдын алу, диагностикалау және емдеу;
Медициналық-психологиялық көмек (оның ішінде психологиялық диагностика, коррекциялық қолдау, консультативтік көмек).
Дерматовенеролог-дәрігер – егер сенде тері мәселелері болса, бетіңе безеу немесе жыныс мүшеңде бөртпе пайда болса, осы маманға жүгінуге болады. Жыныс жолдарымен берілетін инфекция, АИТВ туралы сұрақтарды да осы маманға қоя аласың.
Психолог- кеңесші – осы маманға түрлі өмірлік жағдай туралы, соның ішінде сенің репродуктивті және сексуалды өмірің туралы сұрақ қоя аласың.
Гинеколог-дәрігер – қыздар маманы, осы маманға әйел жыныс мүшелері, етеккір, денедегі өзгерістер туралы сұрақ қойып, контрацепция мәселесін талқылауға болады.
Уролог-дәрігер – бұл бозбала мен жас жігіттерге ер жыныс мүшелері туралы, ер жыныс мүшелерінде қандай да бір мәселе пайда болған жағдайда кеңес беретін маман. Контрацепция, жыныс жолдарымен берілетін инфекциядан қорғану туралы сұрақ қоя аласың.
«Сенім» жастар денсаулық орталығының жұмыс істеу қағидалары:
Қолжетімділік
▸ Медициналық қызметке жүгіну тәртібі өте қарапайым.
▸ Жастарға медициналық қызмет тегін немесе қолжетімді бағамен көрсетіледі.
▸ Медициналық қызмет кешенді түрде көрсетіледі, басқа жерге барудың қажеті жоқ.
▸ Медициналық қызметтен басқа, жастар топта немесе жекелеп қауіпсіз сексуалды жүріс-тұрысты қалыптастыратын қажетті өмірлік біліктілік, ауру болдырмау жолдары, жыныстық жетілу кезіндегі жасөспірімді 7 мазалайтын күй туралы кеңес ала алады.
▸Қиын жағдайға тап болған жасөспірімдер және зорлық көргендер (оның ішінде сексуалды зорлық көргендерге психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетіледі)
Еркіндік
▸Жастар орталыққа өз еркімен, саналы түрде баруға ынталандыратындай, орталықтың ісіне араласып, қызметтерін өз еркімен таңдауға жағдай жасалған. Жастар өз еркімен, саналы түрде дәрігерге ауырғанда немесе ауруды болдыртпау үшін ғана емес, жай кеңес алу немесе психологиялық қолдау үшін бара алады.
Мейірбандық
▸ ЖДО мамандары жастарға барынша ізгі ниетпен қарайды.
▸ Дәрігер мен басқа мамандар жастар мен жасөспірімдерді түсініп, өмір сүру талғамын түсіністікпен қабылдайды, құрмет пен төзімділікпен қарап, өз ойын ашық айтуға қолдайды.
▸ Жастар ЖДО-ның тіркеу бөлімінен-ақ бастап, орталықтағы жайлы атмосфера, қолдау және ашық пейілді қатынасты сезінеді.
Сенім
ЖДО қызметкерлері қатаң құпиялық сақтайды, дәрігерге айтқанның бәрі өз араларыңда ғана қалады!
▸ Көрсетілген қызметтер жиынтығы мен сапасы туралы жастардың ойы ескеріліп сарапталанады.
▸ Орталықты безендіруге жасөспірім- волонтерлар қатысады.
▸ Қызметкерлер жас пациенттер қандай болса, солайымен қабылдап, олардың қалауларын ескереді.
▸ Жастар өз өмірлеріне қатысты шешімді өз еркімен қабылдай алады.
▸ Жастар орталыққа келгенде, өздерін сенімді және ыңғайлы сезінеді.
«Сенім» жастар денсаулық орталығының мамандары СӨС маманымен, аудандық білім бөлімімен және КММ «Жастар ресурстық орталығының» мамандарымен бірлесе отырып аудан көлеміндегі барлық білім беру мектептерінде, аудан көлеміндегі мекеме қызметкерлері арасында Жастар мен жасөспірімдердің (қыздар мен ұлдар) репродуктивті денсаулығын қорғау зиянды әдеттердің (темекі, алкоголь, есірткі), жұқпалы аурулардың алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, психикалық денсаулығын қорғау. тақырыптары бойынша 2022 жылдың 12 айында іс-шаралар атқарды. Барлығы – 530 іс-шара, қамтылған жасөспірімдер мен жастар саны – 13 020.
«Темекі тартудың салдары: несімен қауіпті, қандай зияны бар?», «Коронавирустық инфекцияның алдын алу», «Жастар мен жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу», «Суицидтің алдын алу жолдары», аудандық «Жаңа өмір» қоғамдық-саяси газетіне «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» тақырыбында АОА пофилактика бөлімінің «Сенім» жастар денсаулық орталығының психологі В.Сейтаеваның сұхбаты жарияланды.
КММ «Жастар ресурстық орталығымен бірлесе отырып АОА психологтарымен «Жастар мен жасөспірімдер арасында зиянды әдеттердің және суицидтің алдын алу» тақырыптарында онлайн кеңестер ұйымдастырып өткізілді.
Жуалы АОА және профилактика бөлімінің атқарған іс-шаралары әлеуметтік желілерге жарияланады: srb_jualy_profilaktika_bolimi, zhualy_zrb, АОА профилактика бөлімінің «Сенім» жастар денсаулық орталығына жүгінген жастар мен жасөспірімдер саны – 767 адам. Келген жастар мен жасөспірімдерге психологиялық әңгіме, сұхбат жүргізіліп, психологиялық кеңестер берілді.
Жуалы ауданы әкімдігінің бастамасымен аудандық сот, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, ауыл ақсақалдары, имамдары, білім бөлімінің мамандары, «Сенім» жастар денсаулық орталығының мамандары, мектеп психологтарымен бірлесе отырып «Отбасындағы бала тәрбиесі мен ата-аналардың міндеттері» тақырыбында жалпы білім беру мектептерінде жоспарға сәйкес ата-аналармен кездесу және кәмелеттік жасқа толмағандардың қауіпсіздігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Аудандық білім бөлімі мен аудандық орталық аурухананың 20.08.2022 жылға «Жуалы АОА жалпы тәжірибелі дәрігері, пихологі, нарколог психиатр дәрігерімен жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу тақырыбында ұстаздар мен ата аналар арасында атқарылатын іс-шаралар жоспары» бекітіліп, жоспарға сәйкес жалпы тәжірибелі дәрігерлері, нарколог психиатр дәрігері және психолог мамандары жасөспірімдер және ата-аналар мен ұстаздар арасында кездесулер мен түсіндірме жұмыстары жыл бойында жүргізіліп отырады.

Венера СЕЙТАЕВА,
аудандық орталық аурухананың профилактика және әлеуметтік психологиялық көмек көрсету бөлімінің Жастар денсаулық
орталығының психологі

Таңдаулы материалдар

Close