Basty bet
Халықтың қамы үшін жасалған оң қадам
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ағымдағы жылдың 19 наурызында өтетін Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің және Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу туралы қабылдаған шешімі құптарлық іс.
Бірақ, тәртіпсіз мемлекеттің іргетасын нығайту мүмкін емес. Сондықтан, біз Батыр Бауыржан Момышұлы өсиетіндегі «Тәртіпке бас иген құл болмайды» демекші, бір басшыға бағынып, халықтың қамы үшін жасалып жатқан ел Президентінің сарабдал саясатын бүкіл ел болып қолдауға тиіспіз.
Халық расымен де ескі, бірқалыпты жүйеден әбден жалықты. Енді жаңа Қазақстанды құру үшін барлығы жаңаша болуы керек.
Билікке жан-жақты, халықтың қамын ойлай білетін, қарапайым халыққа шынымен де жаны ашитын, халықтың үніне құлақ асатын азаматтардың келгені дұрыс.
Сайлауда ақылды, білімді де білікті, өз ісінің нағыз мамандары жеңіске жететіндігіне кәміл сенемін.
Осылайша біз, Әділетті Қазақстанды құруға жол ашатын боламыз.
Құдайберген МЕДЕРБАЕВ,
тыл ардагері.
Талапты ауылы