Basty bet

Су қараңғылық

Көздегі қысымнан, кез келген адам глаукомаға шалдығуы мүмкін. Су қараңғылық дейтін бұл дерттің қалай пайда болып, қалай дамитыны туралы біле жүріңіз.
Қазақтарда ең көп кездесетін көз ауруы қандай?
Медицина тіліндегі “глаукома” терминін қазақшаласақ, көздегі қысымның салдарынан пайда болатын су қараңғы соқырлық дейді екен. – Глаукома ауруының екі түрі бар – ашық және жабық. Ең жаманы – ашық глаукома. Бұл кезде адамның көз қысымының көтерілгені білінбейді, ауырмайды, ұзақ уақыт жақсы көріп жүре береді. Яғни, сезілмейтін ауру. Бірақ, көздің ішінде өте жоғары қысым пайда болып жатады.
Бұл аурудың белгісі көз жанарындағы көру талшықтарының 30 пайызы өлген кезде ғана аздап сезіле бастайды. Содан кейін дерт тез дамиды. “Міне, адамның көбі су қараңғылық ауруының дамып жатқан сатысында және әбден асқынған сатысында қаралады. Ең асқынған сатысында адамның көзі жан-жағындағыны көрмейді. Қарапайым мысалмен айтсам, кішкентай түтікшеден сығалап тұрғандай ғана көру дәлізі қалады. Бұл кезде көру жүйкелеріндегі өлген клеткалар қайта қалпына келмейді. Яғни, адамның көзі көрмей қалады”, Көздегі қысымның кесірінен туындайтын бұл аурудың осы ауыр түрі азияттықтарда, соның ішінде қазақтарда жиі кездессе, екіншісі, ерте байқалатын түрі еуропа ұлттарында кездеседі.
– Су қараңғылықтың екінші түрінде адам ауруды ерте сезінеді, көзі ауырып, басы айналып, құсқысы келеді. Басы қатты ауруы мүмкін. Ауру ерте білінетін болған соң, су қараңғылықтың бұл түрін уақытында емдеуге болады, Ауру сезілмесе, соқырлықтан қалай сақтанамыз?
Көзәйнек кимей, кітап оқып, компьютер мен телефонға неше сағат телмірсек те, көзіміз ауырмаған соң, сіз де, біз де “ертең көрмей қалмаймын ба” деп қорықпай отыра береміз. Дәрігер айтқандай, глаукоманың ең жаман түрі ұзақ уақыт белгісін білдіртпей, дамитын ауру. Бірақ, солай екен деп бейқам жүруге болмайды. Кез келген адам, әсіресе, жасы отыз-қырықтан асқанда жылына бір рет көз қысымын өлшетіп отыру керек.
Ерте анықтаған кезде аурудың екі түріне де тамшы тамызып емдеп алуға болады. Көбіне, бұл ауру қырықтан асқан адамдарда көп кездеседі, сондықтан, отыз бен жетпіс жас арасында скринингтен өткені абзал.
Көз қысымын өлшету отыз секунд уақытты алады
Көз – әрине өте нәзік орган. Оған қатысты процедуралардан адамдардың қорқатыны да содан шығар. Бірақ, медицинаның дамуымен көз ауруларын оп-оңай анықтайтын аппараттар да пайда болған.
Су қараңғылық сәбилерде де кездеседі
Глаукома – ересектерде ғана емес, жасөспірімдер мен жаңа туған балаларда да кездесетін ауру. Сәбидегі туа біткен бұл аурудың өз ерекшелігі бар. Туғанда, перзентханада бірден анықтаса, баланың көзін емдеуге болады. Кейбір кезде сау туған баланың 10 жастан асқан соң аяқ асты осы ауруға шалдығуы мүмкін.
“Әрине, қазір су қараңғылық көп анықталып жатқан соң, ауырып жатқан адамдар көбейіп кетті деген түсінік бар. Бірақ, бұрын да көзінің қысымы бар балалар да, ересектер де көп болған, тек олар сол ауруға шалдыққанын білмей жүре беретін. Сондықтан да статистика да аз еді”
Қант диабеті де соқырлыққа соқтырады
Дәрігердің айтуынша, адамды көз жанарынан айыратын көздегі қысымнан кейінгі қауіпті ауру – қант диабеті.
“Қазақстанда жыл сайын қант диабетіне шалдыққан балалар да, үлкендер де көбейіп кетті. Ал бұл ауру адамды көз жанарынан да айыратын қауіпті дерт екенін бірі білсе, бірі білмейді. Қант диабеті көз тамырларына әсер етеді. Сондықтан, онымен ауырған адам жылына кемінде бір рет дәрігерге қаралып тұруы керек. Он жылдан астам уақыт бойы қант диабетіне шалдыққан адамның көз түбінде диабет ретинопатиясы пайда болады. Оны да емдемесе, көп проблемалар туындайды”.
Стресс және соқырлық
Халық қайғыға душар болған, жақынынан айырылып, қан жұтқан адамды кейде “жылай-жылай көзі ағып кетті” деп жатады. Дегенмен, дәрігер көп жылаған адамның көзі көрмей қалмайды, тек көп уайым кешкен адам шынымен жанарынан айырылып қалуы мүмкін .
– Стресс – көзге әсер ететін факторлардың бірі. Көп жас шығарған адамның көзі ауырмайды. Қиналғаннан, қайғыдан арыла алмаған адам көзінен ғана емес, денсаулығынан айырылуы мүмкін.
Ата-әжеміздің көзін қалай сақтаймыз?
Бұрын әрине қария әке-шешіміздің, ата-әжеміздің көзәйнегін іздеп, әлекке түсетін едік. Қазір линза мен көзілдірікке тәуелді жастар өте көп. Бірақ дәрігер бұрынғыдай кәрілікпен қоса келетін көз ауруларының қауіпті екенін ескертіп отыр.

Шолпан Тастанбекова,
аудандық орталық аурухананың
офтальмолог дәрігері

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close