Basty bet

Алаяқтық жасағандарға жаза қатаң

Соңғы жылдары алаяқтыққа баратын азаматтардың саны күннен-күнге көбейіп бара жатыр. Адамдар кез келген сәтте алаяқтың құрбанына айналып шыға келуі мүмкін. Сондықтан әр азамат барынша қырағы болып, алаяқтықтарға алданбауға тырысуы қажет. Мұқият болып әр қадамды заң талаптарына сай жасауына ұмтылуы керек.
Алаяқтық – бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықтық иемдену. Қарапайым сөзбен айтқанда алаяқтық – алдау және сенімге қиянат жасау жолымен бөтен мүлікті ұрлау болып табылады.
Соңғы жылдары Жуалы аудандық сотында алаяқтыққа қатысты қаралған қылмыстық істердің көрсеткіші өсуде. Әсіресе, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген лауазымды адам өзінің қызмет бабын пайдалануымен жасауымен болып отыр.
Аудандық сотта 2021 жылы алаяқтыққа қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190 бабына сай 5 қылмыстық іс қаралса, 2022 жылы 13 қылмыстық іс қаралды.
Алаяқтыққа қатысты қылмысқа баратын адамдар осы іс-әрекет үшін заңнамаларда қарастырылған қылмыстық жауапкершіліктердің бар екенін білгені дұрыс болады, не дегенмен қылмыстың алдын алу үшін жасалатын шара ол қылмыстық жауапкерішілігін БАҚ арқылы насихаттау болып табылады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабы «Алаяқтық».
1 бөлігі:
Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену үшін мүлкі тәркіленіп, 2 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру;
2 бөлігі:
Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен, мемлекеттік сатып алу саласында жасалған алаяқтық үшін 4 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру;
3 бөлігі:
Ірі мөлшерде мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған алаяқтық, егер ол өзінің қызмет бабын пайдалануымен ұштасса;
3) екі немесе одан да көп адамға қатысты;
4) бірнеше рет жасалған алаяқтық –
3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға;
4 бөлігі:
Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды:
1) қылмыстық топ жасаса;
2) аса iрi мөлшерде жасалса, –
5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Барлық жағдайда да қосымша жаза ретінде кінәлінің мүлкін тәркілеу жазасы қолданылады.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда ең кең таралып жатқан алаяқтықтың өте қауіптісі – ол интернет арқылы жасалатын алаяқтық. Ғаламтордағы хакерлер әсіресе, әлеуметтік желілерді ұтымды пайдаланып отыр.
Алаяқтардың арбауына түсіп қалып жатқан адамдар аз емес және оның торына кез келген адам түсіп қалуы мүмкін.
Әдетте алаяқтар әлеуметтік желілерге жалған интернет хабарландырулар орналастырады немесе аккаунт пен арнайы бет ашып, сайт жасап алады. Ең жиі кездесіп жүрген интернет алаяқтықтың бірі, ол интернет арқылы сауда жасау және қызмет көрсету, сондай-ақ өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, жеке деректерді иемдену және бөтен біреудің атынан онлайн-несие рәсімдеу арқылы жасалатын қылмыстар болып отыр.
Смартфон иелері интернет алаяқтардың құрбанына айнала алатынын ескеруі керек. Қылмыскерлердің көбісі шет елдерден шыққан алаяқтар екендігі анықталып жатады.
Ақпараттық жүйені пайдаланып, алдау, арбау арқылы ақшалы болудың ең көп таралған жері – сауда-саттық маңы. Әсіресе, сұранысқа ие Instagram, Facebook, WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы мұндай қылмыстар жиі жасалып жатады. Instagram, Facebook желілерінен кімнің ақ, кімнің арам екенін ажырату өте қиын. Киімдер, автобөлшектер, күнделікті тұрмыс заттарын сатып, талайдың ақшасын қалтасына басқан қылмыскерлер тұтынушылардың сеніміне қалай кіру керектігін ғана емес, онлайн сауданың қыр-сырын да мықты меңгеріп алады.
Азаматтардың құжаттарының көшірмелерін пайдаланған интернет алаяқ құрбандарының атынан онлайн несие рәсімдеп, жәбірленушілер қарызға батып, ешқандай дәлелдеме ұсына алмаған соң несиені өздері төлеп шыққан фактілер де аз емес.
Интернет алаяқтардан сақ болудың қарапайым қауіпсіздік шаралары дербес деректерді, пластикалық карталардың мәліметтерін, кодтарды және құпия сөздерді ешкімге хабарламауға, белгісіз әрі тексерілмеген сайттар арқылы алдын ала төлем жүргізбеуге, осы талаптарды сақтау арқылы әр адам алаяқтардан өзін қорғап қалуға толық мүмкіншілігі бар.

Бабырхан Абуев,
Жуалы аудандық
сотының төрағасы

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close