Basty bet
Мемлекеттік қызметшінің әдеп нормалары
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Өте жоғары этика және кәсібилік тиімді мемлекеттік аппаратты құрудың негізгі өлшемі болып табылатындығын» атап өткені белгілі.
Бүгінде мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән беріледі. Мемлекеттік қызметші имиджінің тұтастығы жоғары кәсібилік пен жеке құзыреттердің, моральдық-адамгершілік қасиеттердің және әдептілік мінез-құлықтың көрінуіне негізделген.
Азаматтармен өзара қарым-қатынас тиімді мемлекеттік аппараттың негізгі өлшемдерінің бірі болып табылады. Біз әркез қызмет көрсетудің жоғары стандарттарына сәйкес болуға, адалдық, ашықтық және әділдік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, қызметтерді кәсіби көрсетуге талпынамыз.
Мемлекеттік қызметте іскерлік этикет және ресми мінез-құлық қағидалары маңызды рөл атқарады. Олардың қатаң сақтау біздің іске деген байыпты қатынасымызды, жоғары кәсібилікті көрсетеді. Іскерлік этикет қағидарлары барлығына бірдей және әрбір мемлекеттік қызметшіф дәрежесіне қарамай оны білуге міндетті.
Мемлекеттік қызметшілердің қызметінде заңға деген құрметті әдетке айналдыруы қажет. Ал заңдылықтың өзі жоғары мәдени құндылық ретінде қабылдануы тиіс. Заң бойынша өмір сүру құқықтық мемлекетте жетістікке қол жеткізуді көздейтін барлық адамдар үшін норма болуы керек.
Талғат Әмірәлиев,
Билікөл ауылдық округінің әкімі