Basty bet

14 ұлттың өкілін бір шаңырақ астына біріктірген

Қарасаз ауылдық округінде 3 578 халық тұратын болса, оның ішінде 3 093-і қазақтар. Ал, қалған бөлігі өзге ұлт өкілдерінен құралған. Яғни, округіміз 14 ұлттың өкілін бір шаңырақ астына біріктірген бірлігі ажырамас тату мекен.
Бүгінде округ тұрғындары біртұтас туыс ретінде бір-бірімен жақындасып, айрандай ұйып отырған жайы бар. Тіпті қазақ тілін туған тіліндей қадір тұтып, қазақ тілінде сөйлеуге машықтанған. Одан бөлек, әрқайсысы өздерінің кәсібін ашып, шаруа қожалықтарын дөңгелетіп, мемлекеттің түрлі бағдарламаларына қатысып, жұмыстарын жүргізуде.
Атап айтар болсам, «Елизоветта» шаруа қожалығының иесі, орыс ұлтының өкілі Владимир Литвинов егістік жерлерін мерзімінде игеріп, егін егу саласын дамытып отыр. Сондай-ақ, шаруа қожалықта бірнеше азаматты жұмыспен қамтып, округтегі жұмыссыздар санын азайтуда.
Ал, украин ұлтының азаматы Алексей Охрименко еңбек адамы. Ол округте туып-өскен, қызмет жасап, еңбегі сіңген көпке үлгілі ардагерлердің қатарында. Сол сияқты түрлі ұлт өкілдерінің Қарасаз ауылында татулығы жарасып, өмір сүріп жатқанын көргенде көңілімізге ерекше қуаныш сезімі ұялайтыны жасырын емес.
Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Біздің ауданымыз көп ұлтты аймаққа жатады. Сондықтан да бірлігіміз мәңгі жарасқан, ажырамас тату мекен болып, өркендей берейік дегім келеді.
Еліміз аман жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!

Жанар НҰРМҰРАТҚЫЗЫ,
Қарасаз ауылдық округінің әкімі

Таңдаулы материалдар

Close