Basty bet

жастар қол күресінен күш сынасты

Күреңбел ауылдық округінде жастар арасында қол күрестен аудандық жарыс өтті. Жарыс Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік жастар саясаты туралы” Заңын және “Әулиеата жастары” өңірлік бағдарламасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды.
Жарысқа ауданнан барлығы 30 жас қатысып, бақ сынады. Бағы мен бабы сай келген жастар жеңіс тұғырынан көрінді.
Жарыста +55 салмақ көрсеткіші бойынша І орынды Жандос Нұралы қанжығасына байласа, жүлделі ІІ орыннан Алдияр Бағысбай көрініп, ІІІ орынды Арман Тұрдалы місе тұтты. Ал, +75 салмақ көрсеткішінде жүлделі І орынды Нұрислам Орысбек иеленсе, ІІ орын Диас Аманға және ІІІ орын Ринат Туғанбаевқа бұйырды. Сонымен қатар, жарыста +80 салмақ көрсеткішіндегі І орынды Ислам Аман иеленсе, ІІ орынға Ернұр Суфан және ІІІ орынға Мұратай Махамбет тұрақтады.
Жарысқа қатысушыларға аудандық жастар ресурстық орталығының Дипломдары, Алғысхаттары мен сыйлықтары табысталды.

Үміт Ысқақова,
Күреңбел ауылдық округінің жастармен жұмыс жөніндегі маманы

Таңдаулы материалдар

Close