Basty bet

Мемлекеттік тілде диктант жазды

Ұлы Жеңіс күні мерекесінің қарсаңында қазақстандықтардың қатысуымен «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант жазу акциясы өткізілді.

Ондағы мақсат – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу. Сонымен бірге қазақстандықтардың мемлекеттік тілді білу деңгейлерін анықтау, мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, диктант мәтіні арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу.
Диктант жазуды ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму, Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктері, жергілікті атқарушы органдар.
«Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант жазу шарасы Жуалы ауданында да өткізіліп, оған аудан әкімі аппаратының қызметкерлері және аудандық әкімдікке қарасты бірқатар бөлімдердің бас мамандары белсене қатысып, аталған тақырыпта диктант жазды.

«Жаңа өмір»-ақпарат

Таңдаулы материалдар

Close