Basty bet

Бюджет туралы шешімге өзгерістер енгізілді

Апта басында аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші шақырылған Жуалы аудандық мәслихатының кезектен тыс үшінші сессиясы өтті. Оған аудандық мәслихаттың депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы және БАҚ өкілдері қатысты.
Сессия отырысын аудандық мәслихаттың төрағасы Зиядхан Бүрлібаев жүргізді.
Сессия отырысының күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралды: аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №36-2 «2023-2025 жылдарға арналған Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылы және ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; аудандық мәслихаттың регламентін бекіту туралы; “Жуалы аудандық мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы; «Жуалы аудандық мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе – 2022 жылғы 30 желтоқсандағы «2023 – 2025 жылдарға арналған Бауыржан Момышұлы ауылы және ауылдық округтерінің бюджеттері» № 36-2 шешіміне өзгерістер енгізудің түсіндірме жазбасын аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Қалима Мықтыбекова оқыды.
Аталған мәселе аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында қаралғандықтан депутаттар тарапынан сұрақтар болған жоқ.
Күн тәртібіндегі келесі мәселелер де алдан ала тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында қаралғандықтан қайта қаралмады.
Сессия отырысын мәслихаттың төрағасы З.Бүрлібаев қорытындылады.
Перизат ШЫМЫРТАЙҚЫЗЫ,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close