Basty bet
Жамбылдықтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету 227,1 пайызға артады
Жамбыл облысында кезекте тұрған азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында 2 909 пәтерлі 56 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстарға 12,3 млрд.теңге қарастырылған.
Биыл 2 569 пәтерлі 51 тұрғын үйдің құрылысы аяқталады деп жоспарлануда.
6 айдың қорытындысына сәйкес, 104 пәтерлі 2 арендалық тұрғын үй мен жеке инвестиция есебінен салынған 383 пәтерлі 11 үйдің құрылысы аяқталды.
Ағымдағы жылы 14 шағын ауданда 5,2 млрд. теңгеге 800 пәтерлі 22 әлеуметтік кредиттік тұрғын үйдің құрылысын бастау күтілуде.
Биыл халықтың әлеуметтік осал тобына жататын 1 575 азамат арендалық тұрғын үймен қамтылады.
Бұл бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан сатып алу құқығынсыз пайдалануға берілетін 354 пәтер, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның есебінен жекешелендіру құқығымен жалға берілетін 1 221 пәтер сатып алуға қаражат қаралды. Өткен жылмен салыстырғанда, пәтер 2 есеге (2023 ж. – 864 пәтер), ал қаражат көлемі 3 есеге (2023 ж. – 7,8 млрд., 2024 ж. – 23,2 млрд) артты.
Еске сала кетейік, өңірде тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегіне 38 503 азамат тіркелген.
Биыл жамбылдықтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсеткішін өткен жылмен салыстырғанда, 227,1 пайызға (2023 ж. – 100,2%) арттыру жоспарлануда.
Оның ішінде, 2 173 шаршы метр жалға берілетін тұрғын үй (2023 ж. – 1 122 м²), 2 151 шаршы метр әлеуметтік кредиттік тұрғын үй (2023 ж. – 782 м²) бөлу жоспарлануда.
Жамбыл облысы әкімінің
баспасөз қызметі