Basty bet

Біліктілікті арттыру курсы

№19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясында “Өрлеу БАҰО” АҚ Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институт филиалының ұйымдастыруымен, Жуалы ауданының физика пәні мұғалімдеріне арналған “Физика пәні мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту 7-9 сыныптардың қиын тақырыптары” тақырыбында 80 сағаттық біліктілікті арттыру курсы өткізілді.
Курс барысында тыңдаушылар білім берудің, функционалдық сауаттылығын, тесте кездесетін күрделі есептер шығару жолдарын Жуалы ауданының физиктері өзара тәжірибе алмасу барысында, quizizz com, plickers com т.б платформалар арқылы тест, жаттығу, зертханалық жұмыстары, сабақ соңында кері байланыс берудің pаdlet.com платформаларын тиімді пайдалана білді.
Осындай білім мазмұнын жаңарту аясында ұйымдастырылған біліктілік арттыру курстары педагогтардың кәсіби даярлығын арттыруға өз істерін жоспарлауы, ұйымдастыру шеберлігін шыңдауға дәріс беруде – курс кураторы – Pho философия докторы халықаралық “Болашақ” бағдарламасы стипендиаты Мирзалиева Эльмира Бексұлтанқызының еңбегі көп.
Алдағы уақытта осындай орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында біліктілікті арттыру курсы тыңдаушыларға жиі ұйымдастырылып отырса деген тілегіміз бар.
Н.Есенаманова,
№2 Мыңбұлақ орта мектебінің физика
пәнінің мұғалімі

Таңдаулы материалдар

Close