Basty bet
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршамызға ортақ іс
Ақсай ауылдық округінде 3112 халықты қамтитын 2 елді мекен бар. Округте 1 кітапхана, 2 мектеп, 2 мемлекеттік және 1 жекеменшік балабақша орналасқан. Округ аппаратында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын орындау іс-шаралар жоспары бекітілген. Осы жоспарға сәйкес мектептерде, мәдениет және денсаулық сақтау мекемелерінде ұжым мүшелерімен әңгімелер, мәдени көпшілік шараларын өткізіп тұру дәстүрге айналған. Бұл іс-шараларға құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, «AMANAT» партиясының белсенді мүшелерін, ауыл ардагерлерін қатыстырып отырамыз.
Ақсай ауылдық округі аппаратында 6 мемлекеттік қызметкер қызмет атқарады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Елтаңба, Мемлекеттік Ту, Әнұран, Әдеп кодексі көрнекі орынға орналастырылған. Сенім телефоны көрсетіліп, арыз-шағым жәшігі қойылған. Мемлекеттік қызмметкерлердің Әдеп кодексінің ережелерін сақтау туралы бақылау кітабы арналған.
Ғимаратта халыққа тиімді және ыңғайластырылған сервистік әкімдік пен қоғамдық бұрыш халыққа тұрақты қызмет етуде.
«Жемқорлыққа жол беру – болашағыңа балта шабу» мақсатында жазылған 1 баннер елдімекен аумағына ілінген. Ел Президентінің жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларын насихаттау барысында сыбайлас жемқорлықтың қоғамға залалы туралы насихатталуда.
Шаруа қожалықтарына және басқа да кәсіпкерлер өндірген өнімдеріне байланысты субсидия беру немесе несие беру кезінде делдалдық жүрмеуі қатаң бақылауға алынған.
«Кәсібің-нәсібің» дегендей, жемқорлықтан сақтанудың бірден-бір жолы кәсіпкерлікпен айналысу екенін ауыл тұрғындары жақсы біледі. Сондықтан округ тұрғындары кәсіпкерлікпен айналысуға құлшынуда. Бүгінде ауыл округінде 130 шаруа қожалығы, 158 жеке кәсіпкер тіркелген.
Қоғамдық қауіпсіздікті, қылмыс және құқық бұзушылыққа қарсы күресті қамтамасыз ету – ауыл тұрғындары арасында бұзақылықтың тәртіп бұзушылықтың алдын алу мақсатында ауылдық жерлерде ақсақалдар алқасы мен жергілікті қоғамдастық өкілдерінің жұмыстары игі әсер етуде.
Бұл бағыттағы жұмыстың өз деңгейінде атқарылудың тағы бір себепкері, учаскелік полиция инспекторымен ауыл әкімі аппаратының өзара бірлесіп барлық шараларды жүзеге асыруы.
Бүгінгі таңда, ауылдық округте сыбайлас жемқорлыққа байланысты фактілер тіркелген жоқ.
Бақытжан Мұхтарқұлов,
Ақсай ауылдық округі әкімінің
міндетін атқарушы