Basty bet

Мемлекеттің тұрақтылығы мемлекеттік тілдің қуаттылығымен өлшенеді

 

 

Қазақ тілі өте бай, орамды, көркем тіл. Тіл арқылы өнер білімді, мәдениеттілікті, қоғамның белсенді азаматы болуды сол тіл арқылы үйренеді. Халық өзінің ғасырлар бойы жасаған асыл мұраларын ұрпақтан ұрпаққа алдымен ана тілі арқылы табыс етеді. Сондықтан ана тілін білмей, ұлттық мәдениетті жете меңгеру мүмкін емес.

“Мемлекеттік тіл егемен еліміздің негізгі рәміздерінің бірі. Кез келген өркениетті елдің өзінің рәміздері, шекарасы болатыны секілді мемлекеттік тілі де болады, Мемлекеттік тіл — мемлекеттігіміздің негізгі атрибуты. Біздің Ата Заңымызда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі» деп жазылған соны біз елдің азаматы ретінде ең басты аңғаруымыз керек.

Әрбір Қазақстандық Ата заңымыздың талаптарын орындап, қазақ тілінде сөйлеуге міндетті. Тіл ұлт пен ұлтты жақындастыратын ең үлкен қатынас құралы. Адам тіл арқылы бір-бірімен байланыса алады.

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге, тіл байлығын игеруге, ана тілімізді қадырлеуге ықпал ету, Тәуелсіздіктің негізгі тірегі – ұлттың тілі Ана тілін жақсы білу — әркімнің азаматтық борышы, қоғамда атқаратын қызметінің тірегі екендігін айту.

Мемлекеттік тіл – қазақтың мәдениетімен біте қайнасып жатқан рухани қазына, мемлекетіміздің бүкіл аумағында қоғамдық қатыстардың барлық саласында қолданылатын, мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды. «Ана тіліміз-асыл мұра». Тіл халықтың жаны, діні, рухы, елдік қасиеті, ұлттық болмысы. Сол асыл мұраны аялап, керек кезінде қорғай білу, дамыту және өскелең ұрпаққа жеткізу барша жанның тікелей борышы.

Тәуелсіздіктің негізгі тірегі – мемлекеттік тіл. Тәңірдің адам баласына жасаған сыйы да — тіл, ол – қасиетті де қастерлі, оның бойында өзекті, жанды өзіне тартып тұратын керемет күш бар.

Тілде бүкіл тіршілік тұрғандай, аса игілікті әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі, оның тағдыры – баршамыздың қолымызда. Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Демек әрбір қазақстандық мемлекеттік тілді құрмет тұтып білуі тиіс. Тіл мәртебесі – ел мерейі. Ана тіліміздің мәртебесін үстем етіп, еліміздің мерейін көтерейік. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін ана тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек, өйткені бұл біздің басты парызымыз.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа жолдауындағы басым бағыттарының бірі мемлекеттік тілді жан-жақты дамыту дамыту туралы сөздерін ары қарай қолдап биікке көтереміз.

Тілді дамыту, қолдау, абыройын биіктетіп, приоритетті қадам ретінде ұстанып, ұрпаққа қалдыратынымыз анық, өйткені мемлекеттің тұрақтылығы мемлекеттік тілдің қуаттылығында!

 

 

Жуалы аудандық

сотының төрағасы

Бабырхан Абуев

Таңдаулы материалдар

Close