Basty bet
Ауызбіршілік пен жанашырлықтың үлгісі
Көкбастау ауылдық округіндегі «Мырзахмет ата» мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Ауыл имамы Бауыржан Мұсағалиұлы төсек тартып жатқан науқас азаматтың үйіне барып, оның хал-жағдайын сұрап, жамағаттың қолдауымен отбасыға азық-түлік пен қаржылай көмек көрсетті.
Осы орайда имам қайырымдылыққа атсалысқан барша азаматтарға алғысын білдіріп, ізгі тілегін жеткізді:
«Алла Тағала қайырымдылық жасаған барша азаматтардың игі ниеттерін қабыл етіп, берген садақаларын еселеп қайтарсын. Науқас бауырымызға шипа, отбасына сабыр берсін. Ауырған жанға демеу болып, мұқтажға қол ұшын созу – мұсылмандық бауырмалдықтың айқын көрінісі.
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): “Кімде-кім бір мұсылманның қиыншылығын жеңілдетсе, Алла Тағала оның Қиямет күніндегі қиыншылықтарының бірін жеңілдетеді” деген хадисін әрдайым жадымызда ұстайық. Алла баршамызға амандық, бірлік және береке нәсіп етсін. Әмин!»
Қайырымдылық шарасы жамағаттың ауызбіршілігі мен жанашырлығының жарқын үлгісі болды.