El іshі

Ауылдан жеткен ақпарат

Көкбастау
Ауылдық округ әкімі Ержан Серкебаевтың, бас маман Ернар Жамалбековтың, Жамбыл облыстық дін істері басқармасының маманы Мағжан Ырзаханның, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бас маманы Шерхан Оспановтың және бөлімнің теолог маманы Құрбан Әбдірдің және ауыл тұрғындарының қатысуымен «Діни экстремизм мен терроризм» атты кездесу өтті.
Кездесуді округ әкімі Ержан Серкебаев ашып, сөз кезегін Жамбыл облыстық дін істері басқармасының маманы Мағжан Ырзаханға берді. Ол ислам діні туралы жан-жақты айта келіп, түрлі діни теріс ағымдардан сақ болу тұрғысында кеңестер берді.

Қарасаз
Ауданда күзгі санитариялық тазалық екі айлығы басталғаны баршамызға белгілі. Осы орайда ауылдық округ әкімі аппараты және мекеме қызметкерлері сенбілікке шығып, ауыл айналасына тазалық жұмыстарын жүргізді. Алдағы уақытта жоспар бойынша мұндай іс-шаралар жалғасын табады.

Қошқарата
Ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында биылғы жылы балаларды спортқа баулу, бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатында спорт үйірмесі ашылған болатын. Үйірмені ауыл тұрғыны, жаттықтырушы Асқар Сапарбекұлы апта бойы екі ауысыммен жүргізуде. Ол балаларға бокстың қырын-сырын үйретіп, жарыстарға дайындау үстінде.
Жақында аудандық спорт кешенінде бокстан өткен жарыста ауыл жастары жүлделі орындардан көрінді. Жаттықтырушының үмітін ақтаған Бақытхан Сапарбек пен Асхат Жамалбек ІІ орынды иеленсе, ал Рысдәулет Мақай ІІІ орынды қанағат тұтты.
Осы орайда айта кетерлігі, ауылдың мақтанышы, жас спортшы Ынтызарбек Сәбден Ақтөбе облысында өткен республикалық аударыспақтан Жамбыл облысының намысын қолдан бермей, ІІ орынды қанжығасына байлап қайтты.

Айгүл Қалымханқызы,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close