Basty bet
Есептіліктер уақтылы әрі сапалы өткізілуі керек
Ақтөбе ауылдық округінің әкімдігінде жиын өтті. Оған статистика басқармасының басшысы Е.Тыныбеков және бас маман М.Жарылқасын және шаруа қожалық жетекшілері қатысты.
Жиынды ауылдық округтің әкімі К.Хайралапов ашып, жүргізді.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Е.Тыныбеков округ маманына электронды шаруашылық кітабын қалай толтыру керектігін және жиналған шаруа қожалық жетекшілеріне жер учаскелерінің, меншік иелерінің және жер пайдаланушыларының қаржы-өндірістік қызметі туралы есептіліктерді жасауды түсіндіріп, аталған есептіліктерді өз мерзімінде тапсыру қажет екендігін ескертті.
Атап айтқанда, №2-АШ «Астықтың болуы және қозғалысы туралы», № 3-АШ «Майлы дақылдар тұқымдарының болуы және қозғалысы туралы», № 4-АШ «Егін өнімін себу қорытындылары туралы»,
№29-АШ «Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімі барлық жерден жинау туралы», жалпы мемлекеттік статистикалық байқаудың есептілік нысандары болып табылатындығын айтып, осы аталған есептілікке жауапкершілікпен қарап, әр статистикалық есепті уақтылы тапсыру қажеттігін айтты.
Е.Тыныбеков басқа да шаруа қожалық жетекшілері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Аудандық статистика басқармасы