Basty bet
«Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі таратылатыны туралы ХАБАРЛАНДЫРУ
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 50 бабының 3-тармағын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексіне, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Дуйсенованың 2023 жылғы 29.05.2023 жылғы №01-06/2962-И хатына, 2023 жылғы 27 мамырдағы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің қатысуымен өткізілген «Еңбек мобилдігі орталықтарын және олардың филиалдарын құру бойынша өзекті мәселелері, әлеуметтік-еңбек саласындағы қосымша мәселелері туралы» кеңес хаттамасына, «Еңбек мобильдігі орталықтарын және олардың коммуналдық мемлекеттік мекемелер түрінде мансап орталықтарын құру күнтізбелік кестесіне сәйкес «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап таратылатынын және аудан әкімдігінің 2023 жылғы 8 маусымдағы «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін тарату туралы» № 141 қаулысы шыққанын хабарлаймыз.Осы қаулымен тарату комиссиясы құрылып, тарату рәсімдері жүргізілуде.
Жамбыл облысы әкімдігінің 2023 жылғы 5 маусымдағы «Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Еңбек мобильдігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы» № 110 қаулысымен облыстық Еңбек мобильдігі орталығы құрылды.
Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексі күшіне енеді, осыған байланысты таратылған аудандық (қалалық) халықты жұмыспен қамту орталықтарының орнына облыстық Еңбек мобилдігі орталығының филиалдары ретінде Мансап орталықтары құрылуы көзделген.
Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен
қамту орталығы