Basty bet

Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәліктер, анықтамалар және акт жазбаларының көшірмелерін беру тәртібі

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 30-қосымшаға сәйкес “Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру” мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – қайталама куәліктер мен анықтамалар бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) келтірілген.
Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәлікті немесе анықтаманы алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жазбаша түрде немесе портал арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға 31-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайталама куәлік немесе анықтама түріне сәйкес қайталама куәліктер мен анықтамалар бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып өтініш береді.
Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктерді немесе анықтамаларды кез келген тіркеуші орган азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу орнына қарамастан береді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес берілген сенімхаты болған кезде қайталама куәлік заңды өкіліне беріледі.
Он алты жасқа дейінгі балалардың тууы туралы қайталама куәліктері ата-аналарына, қорғаншыларына, ұл (қыз) бала асырап алушыларға, қамқоршыларына және сол балаларды тәрбиелеп отырған балалар мекемелерінің әкімшіліктеріне беріледі, 16 жастан асқан, бірақ 18 жасқа толмаған және жеке басын куәландыратын құжат алмаған балаларға ата-анасының біреуінің не қорғаншысының қатысуымен олар жеке басын куәландыратын құжатты немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты ұсынған кезде қайталама куәліктер беріледі.
Некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтаманы кез келген тіркеуші орган 16 жастан бастап АХАЖ АЖ-де тексеру негізінде береді.
Азаматтық хал актілері жазбаларының мәліметтері бар анықтамалар:
1) акт жазбасы жасалған азаматқа;
2) ата-аналарға, асырап алушыларға, қорғаншыларға және қамқоршыларға;
3) әрекетке қабілетсіз адамдардың қорғаншысы болып табылатын азаматтарға;
4) қайтыс болған адамның туыстары мен мұрагерлеріне беріледі.
Анықтамалар азаматтардың өкілдеріне оның өкілеттігін растайтын құжат негізінде беріледі.
Азаматтық хал актілері жазбаларының куәліктеріне, анықтамалар мен көшірмелеріне тіркеуші орган лауазымды тұлғасының қолы қойылады және тіркеуші органның мөрімен бекітіледі.
Азаматтық хал актілері жазбаларының электрондық нұсқаларының көшірмелері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттері шегінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының (ақпараттық жүйелері АХАЖ АЖ-мен ықпалдастырылған мемлекеттік органдарды қоспағанда), адвокатура органдарының, нотариустардың (АХАЖ АЖ-да азаматтық хал актілері жазбалары болмаған кезде) сұрау салулары бойынша, басқа мемлекеттерді қосқанда, сондай-ақ басқа мемлекеттердің АХАТ органдарының (қызметтерінің) сұрау салулары бойынша ғана беріледі (жіберіледі).
Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер, анықтамалар қазақ немесе орыс тілінде толтырылады.

Динара Қалдыбекова,
аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімшесінің
бас маманы

Таңдаулы материалдар

Close