Basty bet
Жуалы аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан тұрғындарының назарына!
2023 жылы 26 маусымда сағат 11.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші шақырылған Жуалы аудандық мәслихатының кезекті, бесінші сессиясы өтеді.
Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:
1. Жуалы ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы жөніндегі есебі туралы.
2. 2022 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы.
3. Б.Момышұлы ауылы және Көкбастау, Қошқарата және Нұрлыкент ауылдық округтері әкімдерінің өздеріне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы жөніндегі есебі туралы.
4. Әртүрлі мәселелер.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2023 жылғы 26 маусымда сағат 09.30-да өтеді.