Basty bet
Темекінің және электронды темекінің зияны
Жастар арасында кеңінен таралып, қазіргі таңның өзекті мәселелерінің біріне айналған бұл өнімнің қаншалықты зиян екені көпшілікке мәлім болса да, оны қолдануларын әлі де тоқтата қоймауда.
Қоғам жастары мұны есеюдің көрінісі десе, енді бірі бүгінгі таңның сәні ретінде күнделікті өмірде кеңінен пайдалануда.
Мұның қаншалықты зиян екені жайында ұшан-теңіз ақпараттар айтылып жатса, да мұны ескеріп жатқан ешкім жоқ. Қазіргі жұрт қоғамдық орындарда электронды темекі түтінін будақтатып отыратын болды. Мектеп қабырғасында тәлім-тәрбие алатын қастерлі орында жас жеткіншектер, мұны дүкендерден арнайы, қолжетімді бағада сатып алып, жасырын түрде қолданатындарын белгілі.Тіпті мектеп оқушылары арасында дәл осы электронды темекіні шегу (бу тарту) сәнге айналды. Көптеген қоспалардың, темекі өнімдері сияқты, құрамында никотин бар, сондықтан бұл заттың ағзаға теріс әсерінің барлық түрлері электронды темекіге тән.Бала мен жасөспірімде темекі шегу кейіннен алкоголь мен есірткіні біріктіретін девиантты мінез-құлықтың алғашқы түрлерінің бірі болып табылатындығы мәселеге ерекше назар аудартады. Сонымен қатар, вейперлер олардың денсаулығына зиян тигізбейтініне сенімді, олар классикалық темекі шегуден гөрі жиі бу тартып, никотинді көп тұтынуда. Электронды темекі-ішінде сұйықтығы, арнайы ауыстыратын картриджі бар, өкпеге тыныс алу жолдары арқылы никотин жеткізетін темекінің жаңа түрі.
Баланы одан қалай қорғауға болады?
– ата-аналармен және басқа да жақын ересектермен сенімді қарым-қатынас –тәуелділіктен арылудың басты шарты болып табылады;
– балаларға никотинге тәуелділік, оның зияны мен болашақтағы өмірге әсері туралы хабарлау керек;
-баланың сүйікті ісінің, қызығушылықтарының болуы. Ерте жастан бастап балаларды спортқа және түрлі ермек іске баулуға болады;
– жасөспірімдермен әңгіме барысында қатаң тыйымдарға қарағанда, вейп пен электронды темекісіз өмірдің артықшылықтарына назар аударған жөн. Көптеген балалардың пікірінше – тыйым салынған нәрсені міндетті түрде сынап көру керек;
– жасөспірімдердің ағзасына қандай зиян келтіретінін және болашақта олардың денсаулығына қалай әсер ететінін түсінуі маңызды.
Қорытындылай келе айтарымыз, бірінші байлық – денсаулық демекші, оны сау кезінде бағалайық. Он екі мүшеміз аман-есен, күш-қайратымыз, ерік жігеріміз тасып тұрған шақта оны мағыналы істерге жұмсайық. Электронды темекі, вейптар-өзіңізді алдау. Табака өндірушілердің жарнамасына еліктемей, өзіңіздің, келешек ұрпағыңыздың саулығын ойлаңыз. Денсаулық – тек жеке бастың ғана емес, ұлтымыздың ұлы игілігі. Осыны ескере отырып, саламатты өмір салтын ұстануға ұмтылайық! Зиянды әдеттерден барынша аулақ болып, қоғамда ұлттық тәрбиені нығайтып, жандандырайық!
Гүлнұр Раеева,
санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының
бөлім басшысы