Basty bet

95 бала Түркістанға саяхат жасады

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімі» КММ мен «Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ филиалы «Жуалы аудандық комитетінің» ұйымдастыруымен «Балалар жылына» орай Түркістан қаласына мектеп және балабақшалардағы кәсіподақ мүшелерінің 95 баласын бір күндік саяхатқа алып барып қайтты. Балалармен бірге аудандық филиалдың есепші-маманы А.Мұртазаева, заңгері Г.Орымбаева және Диқан орта мектебінің педагог-психологі Б.Малтаева, №29 орта мектебінің медициналық қызметкері Г.Пулатова барды.

Балаларды орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші Қ.А.Ясауи кесенесіне, жер асты қылуеті, шығыс моншасын аралатып екі гид ақпараттық хабарлама жасады. Кесененің ішкі құрылысын неден, қалай жасалғандығын, Қожа Ахмет Ясауидің өмірбаянымен, қазақ хандарының өмірлері жайлы шағын мәліметтер айтып берді.
Түскі бірде «Жеті тандыр» мейрамханасында түскі ас ішіліп, ал, түс қайта «Алтын самұрық» орталығындағы «Ұшатын театрда» Қазақстанның қалыптасу кезеңін орта Азияда жоқ 8D бейне форматта тас дәуірінен бастап бүгінгі күнге дейінгі тарихын көрсетті.
«Ұшатын театрдан» шыққан балалардың таңданыстарын, алған әсерлерін сөзбен жеткізу мүмкін емес, әр бала өзіне ұсынылған тосын сыйға дән риза.
Одан кейін Венецияны аралап шықты. Барып-қайтар жолда педагог-психолог Б.Малтаева оқушылармен психологиялық ойындар ойнатты. Балалық шақтың бала үшін есте қалар бір керемет, қызықты кездері – мектеп өмірі. Өйткені бала ойынмен өседі. Балаларды қызықтырып, оларға берілген тақырып бойынша түрлі, жүйелі сөйлемдер құрап, түрлі тың ойларды ортаға салды.
«Жаңа түрленген Түркістан өте керемет ұнады»,- деп С.Сейфуллин атындағы орта мектептің 7 «Ә» сынып оқушысы Жансезім Нұржан өз ой-пікірімен бөлісті. Түркістанға туристтер неге келгісі келе беретіндігін енді түсінгенін айтты.
Егер бала қуынышын достары мен ата-анасына өзінің көтеріңкі көңіл-күйімен бөлісуге асықса, онда біз мақсатымызға жеттік.
Жалпы саяхат барысындағы жол шығыны, ас мәзірі, бейнефильм шығындарын аудандық кәсіподақ комитетінің жылдық жоспарына сай жүргізілді.
Гүлнұр Қадырбек,
филиал төрайымы

Таңдаулы материалдар

Close