Basty bet

«АЛТЫБАҚАН» МАҢЫНДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫН-САУЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Өткен аптада ауылдық мәдениет үйінде ұлттық киімдерде алтыбақан төңірегінде халықтық аспаптармен ән салу, айтыс, әзіл-оспақтар мен көңіл көтеретін «Алтыбақан» ойын сауық фестивалі өтті.

Мәдениет үйінің сыртқы алаңында алтыбақан орнатылған. Сол қанатында ойын түрлері ұйымдастырылып, мәдениет үйінің алаңы тақырыптық іс-шараға сай безендірілген.
Іс-шараның шымылдығы қазақ биімен ашылды. Фестивальде алғаш болып сөз сөйлеген Нұрлыкент ауылдық округінің әкімі Нұрсұлтан Рақымбек және ауылдық округтің ардагерлер кеңесінің төрағасы Қалдан Назар өз кезегінде ұлттық өнерді дәріптеген ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлеріне және ауыл тұрғындарына алғыс білдірді.
Мәдениет үйі алаңының бір жағында биші қыздар би билеп, ән айтса, бір жағында спорттық ойындар ұйымдастырылды. Ал ауыл әжелері киіз үйдің ішінде кішкентай бүлдіршіндерге ертегі айтып, қазақи салт-дәстүрлерді кеңінен насихаттауда.
Ақ жаулықты әжелер тәттіден шашу шашып, тұсаукесер рәсімін жасады. Ал ауылдың қариялары кішкентай бүлдіршіннің қадамына құт тілеп, ақ батасын берді.
Іс-шара соңында фестивальге белсене қатысқандар Алғысхатпен марапатталды.
Ата-бабадан қалған шешендік сөздер мен салт-дәстүрлер өте көп. Олардың барлығын бір іс-шарада толықтай ашып көрсету мүмкін емес. Алдағы шаралар барысында да халық дәстүрлерін дәріптеп, ата жолын ардақтап, ата-баба дәстүрін дәріптеуге күш салатын боламыз!

Айжамал МИРЗАРАИМОВА,
Арайлым НҰРЖАНОВА,
Нұрлыкент ауылдық мәдениет үйінің маманы және ұйымдастырушысы

Таңдаулы материалдар

Close