Basty bet
Жас жайдарманшылардың финалдық сайысы өтті
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңын жүзеге асыру аясында аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен жас жайдарманшылар арасында финалдық сайыс өтті. Екі кезеңнен тұратын сайысқа 4 команда қатысты.
Жастардың ұтымды әзілі мен сахналық шеберлігін сынға алып, лайықты бағасын берген қазылар алқасының құрамында «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің директоры Жеңісбек Сейітбеков, Жоғарғы лига чемпионы, «Жуалы» құрамасының ойыншысы Дәурен Көлбай, «Жайдарман Тараз» филиалының редакторы Жұбаныш Жұмабай және Балалар өнер мектебінің мұғалімі, әнші Алмат Нұрқұс болды.
Қазылар алқасының шешімімен жүлделі I орынды Күреңбел ауылдық округінің жастарынан құралған «I`m» құрамасы иеленсе, II және III орынды Қарасаз ауылдық округінің жастарынан құралған «Қарасаз» және Тараз қаласы ХТИИ құралған «Медиа» құрамалары алды. Сондай-ақ «Үздік ойыншы» номинациясымен «Медиа» құрамасының ойыншысы Бекарыс Құлыбеков марапатталды.
Жайдарман сайысына қатысып, өз өнерлерін көрсеткен жүлделі орын иегерлеріне ұйымдастырушылардың атынан Алғысхаттар, Дипломдар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды.
Жастар ресурстық орталығы