Basty bet

Мемлекеттік қызметшілер спорт түрлерінен бақ сынасты

Жыл сайынғы дәстүр бойынша аудан әкімдігінің мемлекеттік қызметшілері арасында 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні мерекесіне орай аудандық спартакиада өткізілді.
Спартакиаданың мақсаты – мемлекеттiк қызметкерлер арасында бұқаралық спортты дамыта отырып, спортпен жүйелi түрде айналысуға тарту, саламатты өмiр салтын насихаттау және қызметкерлер арасында спорт арқылы достық қарым-қатынасты орнату.
Жарысқа үстел теннисі, қазақ күресі, тоғызқұмалық, кіші футбол, бильярд, асық ату, арқан тарту, садақ ату, армрестлинг (қол күресі) сынды спорт түрлерінен 8 командада 150-ге жуық мемлекеттік қызметші белсене қатысты. Спартакиадаға қатысушылардың қатары жылдан-жылға артып келе жатқаны көңіл қуантады.
Спартакиаданың нәтижесінде үздік ойын өрнегін көрсеткен мемлекеттік қызметшілер арнайы кубок, медаль, Диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Мемлекеттік басқарудың өзегі саналатын мемлекеттік қызметшінің саламатты өмір салтын ұстануы қашанда маңызды. Мемлекеттік қызметші барлық жағынан қоғамға үлгі болуы тиіс. Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметші – бұл өз ісінің кәсіби маманы ғана емес, ол ең алдымен өз денсаулығына тиісті назар аударуды қажет ететін адам. Өйткені дені сау мемлекеттік қызметші – тиімді мемлекеттік қызметші екені белгілі.

Еркебұлан ҚАМБАРБЕКОВ,
аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі
бөлімшесінің басшысы

Таңдаулы материалдар

Close