Basty bet

«Кірістер қызметінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды

Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Ардақ Асқарова мекеме және өңірдің мемлекеттік қызметшілерін 23 маусымдағы Мемлекеттік қызметші күнімен құттықтады. Бұл сала мамандарының жұмысқа деген жауапкершілігі, ұқыптылығы, тиянақтылығы және сауаттылығы аса қажет.
Жалпы мемлекеттік кірістер басқармасының жұмыс жүктемесі өте ауыр. Сондықтан бұл салада жылдар бойы тұрақты жұмыс істеу оңай шаруа емес. Бүгінде мекемеде 12 мемлекеттік қызметші еңбек етуде. Жұмысқа алғаш келген мамандар мемлекеттік қызметші атану үшін біліктілік тестінен және үш ай сынақ мерзімінен өтіп барып қана тұрақты жұмысқа орналаса алады.
Басқарушылық қабілеті жоғары білікті маман Ардақ Асқарова мемлекеттік кірістер саласында 30 жылдан астам уақыт жемісті еңбек етіп келеді. Жұмысқа деген жауапкершілік, сауаттылық және ұйымдастырушылық – оның басты міндеті.
Мекемеде есепке алу, талдау, құқықтық және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы Нұрғали Ералиев 40 жылға жуық уақыт аталған салада тыңғылықты еңбек етіп келе жатқан мемлекеттік қызметші. Атаулы кәсіби мерекенің қарсаңында Нұрғали Ералиев Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінің «Мемлекеттік кірістер қызметінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Ол саладағы қызметін 1986 жылы бастаған. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін салық қызметінде еңбек ету адамды таза жүруге, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге және адал еңбек етуге тәрбиеледі. Бұл саладағы қызмет ілім-білім тәжірибе жинауына септігін тигізген. Күнделікті жұмыс тіршілігінде ауданның түрлі кәсіпкерлері және шаруа қожалық иелері осы саланың мамандарынан қажетті ақыл-кеңес және сұрақтарына жауап алады. Салықтың уақтылы төленуін қадағалауда ұсатайды.
Сала қызметкері Нұрғали Ералиев мемлекеттік қызметші әдеп кодексін мейлінше сақтап, жұмыс істеуге ниеттенсе және жұмысына жауапкершілікпен қарағанда ғана сол саланың жемісін көреді деген пікірді алға тартты.

Эльмира СҮЙІНБАЕВА,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close