Basty bet

Этнос өкілдері арасындағы квест ойыны

Жуырда облыстың орталығы Тараз қаласында өзге ұлт өкілдерінің жастары арасында тілдік және этникалық белгілері бойынша ар-намыс пен қадір-қасиетті қолдау мақсатында интеллектуалды облыстық квест ойыны өтті. Тәуелсіз елімізде ұлтаралық бірлік пен татулықты нығайту, жастар арасында достық қарым-қатынас орнату ойынның негізгі мақсаты болып табылады.
Квест ойыны облыстық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесімен «Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің бастамасымен ұйымдастырылды. Жалпы жарысқа облыстан 17 команда қатысты. Жарыста қатысушыларға туған өлкенің тарихына қатысты сұрақтар қойылды. Бір құрамада 6 адам болуы тиіс. Жарысқа қатысушылар 5 локацияға яғни белгілі бір нысанға барып, әртүрлі қызықты жұмбақтар мен логикалық есептерді шешіп, нысандарды анықтап, тапсырмаларға жауаптар табады. Жарыс тартысты да, қызық өтті. Ел тарихынан, қазақ әдебиетінен, өлкеміздің географиялық аймақтарынан түрлі сұрақтар қойылды.
Қатысушылар бірінші нысанда, яғни қаладағы Әл-Фараби және Төле би көшелерінің қиылысындағы «Тәуелсіздік» монументінде болды. Ол жердегі сұрақ екі ғұламаға қатысты өрбіді. Абайдың қара сөздері, Абайдың өлеңдері кімге арналған? Абай және Әл-Фарабидің шәкірттері кімдер болған? Әл-Фарабидің еңбектері жайында сұрақтар қойылып, барынша дұрыс жауап беруге тырысып бақты. Келесі нысан «Қарахан» кесенесі ол жерде тарихқа байланысты сұрақтар берілді. Ең соңғы нысан Қазақстан халқы Ассамблеясына қатысты сұрақтар қойылды.
Шараның қорытындысы негізінде квест ойыны жастардың логикалық ой ұшқырлығын тексере отырып, олардың білімдері сыналды. Жастар үлкен әсер алып, еліміздің мол мұраларына, өткен тарихына қатысты қызықты ойын түрлерін аудандық деңгейде де өткізуді жоспарлап қайтты. Жуалылық құрама «Үздік құрама» номинациясын иеленді.
Бекарыс ӘБУ,
аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің этномәдени бірлестіктермен жұмысты үйлестіруші инспекторы

Таңдаулы материалдар

Close