Basty bet
Айт намазына қатысып, құрбан шалды
Құрбан айт – қайырымы мен сауабы мол мереке.
Құрбан айт – әрбір мұсылманның сауабын арттырып, тілек-дұғасын қабыл ететін қасиетті мереке. Осы шарапаты мол қасиетті мерекеде аудан әкімі Жалғас Мұртаза жергілікті жамағатпен бірге Б.Момышұлы ауылындағы Зиябек Толымбайтегі атындағы орталық мешіттегі Айт намазына қатысты.
Иә, иісі мұсылман үшін қасиетті саналатын Құрбан айт мейрамында шамасы жеткендерге Алла жолына құрбандық шалу парыз етілген. Осыған сәйкес, аудан басшысы Жалғас Әлижанұлы Айт намазынан кейін орталықтағы мал сою алаңында ірі қара малын құрбандыққа шалып, ізгілікті амал жасады.
Құрбандыққа шалынған ірі қараның еті 24 бөлікке бөлініп, тұрмысы төмен отбасыларға және көмекке мұқтаж мүмкіндігі шектеулі жандарға таратылды. Ұлық мерекенің мазмұнын арттыра түскен азамат көптің алғысына бөленіп, аудан ардагерлерінің және ақсақалдардың ақ батасын алды.
«Жаңа өмір»-ақпарат