Basty bet
Ауыл медицинасын дамытуға бөлінетін қаржы көлемі ұлғаюда
Ауылды жерлерде тұратын халықты бастапқы медициналық диагностикамен қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын бөлінетін қаржы көлемін ұлғайту да міндетті әлемуеттік медициналық сақтындыру жүйесі енгелі бері мүмкін болды.
Кеңес беру, мамандандырылған медициналық көмек, диагностикалық зерттеулер көрсетуге мүмкіндік беретін жылжымалы медициналық кешеннің қызметі әр тұрғынға сақтандырылған мәртебесі бар-жоғына қарамастан қолжетімді әрі тегін. Өйткені, дәрігерлердің қабылдауы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС шеңберінде жүргізіледі. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Жамбыл облыстық филиалының 10 аудандық көпбейінді орталық ауруханасымен жасаған келісім-шарты негізінде 2023 жылы жылжымалы медициналық кешеннің жұмысына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті бойынша 661,1 млн теңге, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде 269,1 млн теңге қарастырылған.
2022 жылдың күзінен бастап Қазақстанда міндетті профилактикалық тексерулердің қатарына ауыл тұрғындарының скринингі кірді. Енді ауыл тұрғындары 18 жастан бастап скринингтен өтеді, ертеректе бұл тексерулер 30 жастан басталатын. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарына арналған скринингтік тексерулердің қатары асқазан-ішек жолдары мен простата безінің ауруларын анықтаумен толыққанын айта кету керек. 2023 жылы Жамбыл облысында ауыл тұрғындарын профилактикалық тексерулерді қаржыландыруға медициналық сақтандыру қорынан 576,2 млн.теңгеден астам қаражат бөлінді.
«Әлеуметтік медициналық
сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы