Qoǵam
МАҚСАТЫМЫЗ – САПАНЫ АРТТЫРУ
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын маңызды саяси-идеологиялық құжат деп айтуға болады. Себебі, бұл мақалада ұлттық құндылықтарымыз, мемлекеттің ұлттық құрылымы, қазақ елінің тарихи мұралары туралы айтылады. Біздің бүгінгі ең басты мақсатымыз — елімізді дамыған 30 елдің қатарына енгізу. Сондықтан Елбасы мақаласында заманға сәйкес жаңғыру, оның ішінде рухани жаңғыру мәселесі жан-жақты талданып, таяу жылдарға ауқымды міндеттер қойылып отыр.
Бастауыш партия ұйымдары – әрқашан елмен бірге жүретін, халықпен тығыз жұмыс жасайтын, әлеуметтік-саяси бастамалардың орталығы екендігі белгілі. Себебі, бастауыш ұйымдардың жұмысы артқан сайын партияның беделі де, күш-қуаты да, мәртебесі де одан әрі өсе түсетіні белгілі.
«Ақтөбе» БПҰ басқарудағы мақсатымыз – Елбасының бағдарламалары мен ойларын іске асыруға, партияның Сайлауалды бағдарламасы мен Доктринасында көзделген барлық стратегиялық ұстанымын халық арасында насихаттауда белсенді рөл атқару.
«Ақтөбе» бастауыш партия ұйымы екі партиялық топтардан тұрады: яғни біріншісі №25 Ақтөбе тірек мектебі (РО), екіншісі «Балбөбек» балабақшасы.
БПҰ-да 99 мүше бар. Қазіргі таңда біздің мақсатымыз — партия құрамының санын ғана емес, сапасын да арттыру. Сондықтан да қатарымызға белсенді, өзіндік ой-пікірі қалыптасқан азаматтар мен азаматшаларды тартудамыз.
«Ақтөбе» бастауыш партия ұйымы тарапынан партияның бағдарламалық құжаттарын, мақсат-мүдделерін жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Ауылдық «Ақтөбе» мәдениет үйінен «БПҰ кабинеті» беріліп, ұйым ақпараттық стенд бұрыштары мен қажетті жарақтармен қамтамасыз етілді.
БПҰ-да партиялық жобалар аясында атқарылып жатқан бірқатар іс-шараларға кеңінен тоқталып өтсем, «Кедергісіз келешек» жобасы мүгедек жандардың өмір сапасын арттыру мақсатында, Халықаралық мүгедектерді қорғау күніне орай кездесулер ұйымдастырылды. Оған бастауыш партия ұйымының мүшелері белсене атсалысты. Бұл шаралардың негізгі мақсаты, ауылымыздағы мүгедек жандарға, ауыл тұрғындарын қайырымдылық жасауға шақыру болатын. Нәтижесінде бір ауыл тұрғынына қаржылай көмек көрсетілді.
Ұрпақтардың үнқатысуы мен сабақтастығын қамтамасыз ету, қарттарға деген құрметті нығайтуда «Ардагерлерді ардақтайық!» партиялық жобасы аясында ауылымыздың жастары Жеңіс күні мерекесіне орай тыл ардагерлерін құттықтады. Тұрақты түрде көмек беру жұмыстары жүргізілді. Ауылдың белсенді жастары жалғызбасты қарттардың үйін аралап қолғабыс жасады. Апта бойы еріктілер тобы ұйымға қарасты жеті қарттың үйлеріне барып, есік алдын тазалап, үйлерін жинауға көмек берді.
Жастардың бойына патриоттық сезімдерін қалыптастыру, ел қауіпсіздігін сақтау мақсатында тыл ардагерлерімен «Қарты бар ел – қазыналы ел» тақырыбында кездесу кештері ұйымдастырылды.
Партияның жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік бейімдеу үшін қолайлы жағдайлар жасаудағы «Бақытты балалық шақ!» жобасы аясында ұйымның белсенді мүшелерінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды. Партия ұйымы кәсіпкерлерден қолдау тауып, 2019 жылы акция аясында 10 оқушыға мектеп формасы мен құрал-жабдықтарын әперді. Жоба аясында «Ақтөбе» БПҰ ұйымдастыруымен «Жайдарлы жастар» жайдарман сайыстарын, «Достық» флешмобы және «Тұғыры биік еліммен мақтанамын» спорттық эстафеталық жарыстары ұйымдастырылды.
Жастар арасында жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, «Nur Otan» партиясының Доктринасында белгіленген құндылықтарды насихаттау және таратудағы «Жастар – Отанға!» партиялық жобасы аясында «Жас маман-2018» жас мамандар байқауы, «Бүгінгі жастар – ертеңгі ел болашағы» спорттық эстафетасы, жас мамандар арасында өтілген «Туған жер» драмасы, Елбасы Жолдауларын насихаттау бойынша «дөңгелек үстелдер», «Болашағым, бақытым, дара тілім» атты көркемсөз сайысы өткізілді.
Партияның Сайлауалды бағдарламасында жастарды Елбасының үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бойынша бастамасын жүзеге асыруға тартып, жұмысқа орналастыруға көмек көрсету қажеттілігі айқындалған. Партиялық жоба аясында жастарға жобаның міндеттері мен мақсаттары жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. «Сәтті қадам» жобалары аясында «Ақтөбе» БПҰ қарасты партиялық топтарда 10 жас маман қызмет етуде. Сондай-ақ жоба аясында ауыл жастарын жұмысқа орналастыру мәселесі тыс қалған емес. Мысалы, 2019 жылы №25 Ақтөбе тірек мектебінің (РО) түлегі «Ақтөбе» БПҰ тікелей мұрындық болуымен жеке кәсіпкер «Ажар» шаштаразына ерлер шаштаразшысы болып Сауырбаев Мадияр жұмысқа орналастырылды.
«Ауыл – ел бесігі» партия жобасы аясында «Робототехника» кабинеті «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшесі Жұмабаев Әлімбек Әсембекұлының демеушілігімен, партия Жуалы аудандық филиалының ұйымдастыруымен, игі шара іске асырылып отыр. «Робототехника» кабинеті оқушылардың сандық ресурстарды, физика, механика, технологияны тереңдетіп меңгеруіне жол ашады.
ІТ сыныбында №25 Ақтөбе тірек мектебінен 116 оқушысы, магниттік мектептерден 85 оқушы, барлығы 201 оқушы қамтылатын болады.
Жалпы, нәтижесінде партиялық жобалар аясында 2018 жылдың қыркүйегі мен 2019 жылдың қыркүйегі аралығында «Ақтөбе» БПҰ ықпалымен 32 іс-шара өткізіліп, қамтылған адамдар саны – 3255 жетті. БАҚ-да баспасөз беттерінде «Ақтөбе» БПҰ мүшелері елбасымыздың облыстық басылымда – 7 мақала, халықаралық басылымда – 5 мақала жарияланды.
«Ақтөбе» БПҰ айына бір рет Қоғамдық қабылдауларды ұйымдастырады.
Қоғамдық қабылдауға Ел бірлігі Доктринасында айтылғандай «Nur Otan» партиясы – азаматтық қоғамның ажырағысыз бөлігі. Сондықтан біз азаматтық бастамаларды дамытуға жағдай жасауға тиіспіз» – делінген. Осы тұрғыда Азаматтық бастамаларды іске асыруда 2018 жылдың қаңтар айынан бастап бүгінгі күнге дейін 9 өтініш түсіп, жоғары басшыларға жеткізіліп, барлық өтініштерге жауаптар қайтарылып, қанағаттандырылды. Өтініштердің дені жұмыспен қамту саласына қатысты болғандықтан «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» партиялық жобасы аясында қоғамдық қабылдауға келген 5 азаматтың өтініштеріне қолдау білдіріліп, бүгінгі күнде 3 азамат №25 Ақтөбе тірек мектебінде (РО), 2 азамат «Балбөбек» бөбекжай-балабақшасына жұмысқа қабылданды.
Және де саламатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында мектептерде ауыл тұрғындарына спортзалдың қолжетімділігі қамтамасыз етілді. Бұл нақты ұйымға қарасты №25 Ақтөбе тірек мектебінде жүзеге асады.
Бастауыш партия ұйымында 29 жасқа дейінгі жастардың үлесі 6%-ды құрайды. Яғни, 99 мүшесінің 31-і жастар.
Партияның сайлауалды бағдарламасында «Ел жастарын жұмысқа орналастыруға жәрдемдесетін боламыз. Жастар арасында жұмыссыздықтың өсуіне жол бермейтін боламыз» – делінген. Осы мақсаттарға жетуде Елбасының тапсырмасымен қолға алынған «Дипломмен-ауылға!» бағдарламасы аясында 2017 жылы 2 жас маман №25 Ақтөбе тірек мектебінде (РО) мұғалім қызметін атқарады. «Ақтөбе» БПҰ қарайтын топтарға 28 жас маман қызмет етуде. Елбасы бағдарламаларын, Жолдауларын насихаттауда, партиялық жобаларды іске асыру – «Ақтөбе» БПҰ-ы жастармен бірлесіп кез келген іс-шараларды ұйымдастырып келеді.
Сөзімнің соңында өңірлердегі БПҰ жұмыстарын одан әрі жандандырып, партияның алға қойған міндеттері өз деңгейінде орындалып жатса, мемлекетіміздің көш ілгері басатынына, таяу жылдары бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылатынына, одан да биік межелерге қол жеткізетініне сенемін.
«Ақтөбе» бастауыш партия ұйымының мүшелері ұйымға жүктелген жауапкершілікті сезіне отырып, алдағы уақытта еліміздің жарқын болашағы үшін аянбай еңбек ете беретіндігіне нық сенімді.
Гүлнар Әбілдаева,
«Ақтөбе» БПҰ-ның төрайымы