Qoǵam

Жақыныңа жанашыр бол!

қазыналы қарттарымыз екпе алудан алдыңғы қатарда

Нұрлыкент ауылдық округі тұрғындарының екпе салдыруға деген көзқарасы өзгеруде. Бүгінге күнге ауылдық елді мекен жұртшылығының 34 проценті вакцинациядан өткен. Соның ішінде қарияларымыз белсенділік танытып, кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге көрсетуде. Осыдан біраз күн бұрын 84 жастағы нұрлыкенттік қария Сыдық Жұпмағамбетов өз еркімен дәрігерлік амбулаторияға барып, араб елдерінде өндірілген қытайлық Хаят вакцинациясын салдырды.

Нұрлыкент ауылдық дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері Нұрладин Ермекбаевтың айтуынша Сыдық ата асқазан ауруымен Д есепте тіркеуде тұрады. Дегенмен оның денсаулығы жіті тексеріліп, өкпесінің демалу жиілігі, қан қысымы өлшеніп, бақыланған. Түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, екпеден кейін болатын әсерлерді түсіндірген. Нәтижесінде ол өз еркімен екпе алуға келісім берген. Бүгінгі таңда қарияның жағдайы жақсы, денсаулығы бірқалыпты.
Ал, ұлы Жолдыбай Сыдықұлы: «Анамыз өмірден озған. Ортамызда ақылшымыз, қазынамыз әкеміздің аман-есен жүргеніне қуанамыз. Өзіне, барша адамға жанашырлық танытып, вакцина салдырды. Алғашында денсаулығына алаңдаушылық білдіргеніміз рас. Алайда ешқандай ауырсынусыз жеңіл өтті. Өзін жылы күтіп, құнарлы тамақтар ішті. Көбінесе жылы киініп жүрді. Вакцина алғанына да 10 күндей болды. Екпеден кейін немерелеріне Нұр-сұлтан қаласына жолаушылап кетті. Енді өзге қалалардағы ұл-қыздарына еркін жүріп баратын болды», -дейді

Айгүл Қалымханқызы, «Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close