Basty bet
Дауласушы тараптар медиациялық келісімге келді
Жуалы аудандық соты, мәмілені жарамсыз деп тану және тараптарды бастапқы қалпына келтіру туралы дау бітімгершілікпен шешілді.
Сотпен анықталғандай, жауапкер К. талап қоюшы А. арасында 2022 жылы 4 000 000 теңгеге тұрғын үйді сату туралы мәміле жасалған, оған сәйкес талапкер бұрын сату-сатып алуды жасамай жатып жауапкерге 1 750 000 теңге соманы берген.
Алайда жауапкер ақшаны толық төлемей үйдің есігінің алдындағы қора-жайды бұзығанын көріп мәмілені бұзып үйді сатудан бас тартып, талапкерді үйден шығару туралы талап арызбен сотқа жүгінген.
Талап қоюшы өзінің талап арызында, жауапкерден мәміле бойынша жалпы сомасы 1 750 000 теңгені, өкілдің қызметіне 40 000, оған сенімхат 4142 теңге, және мемлекеттік баж 17 500 теңгені өндіруді сұрады.
Істі сотқа дайындау барысында, тараптар татуластыру рәсіміне қатысуға шақырылып, дауды бітімгершілікпен шешудің жолдары түсіндіріліп, нәтижесінде бітімгершілік келісімге қол жеткізілді.
Сотпен бекітілген келісімге сәйкес, жауапкер 2023 жылдың 30 шілдесіне дейін 750 000 теңгені өтеуге міндеттенді, талап қоюшы өз кезегінде барлық талабынан бас тартты.
Келісім сотпен бекітіліп, іс өндірісімен қысқартылды. Мемлекеттік баж талап қоюшыға қайтарылды.
Н.Манасұлы,
«Жаңа өмір»