El іshі
Маусымашар ойыны басталды
Аудандық «Достық» мәдениет үйінде «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Жастар жылы қоғамның – жаңғыру жолы» атты оқушылар арасында маусымашар жайдарманы өтті. Маусымашар ойынын жас жайдарманшы Қайсар Құралбай жүргізді.
Шараны «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің директоры Мейіржан Телеушов ашып, қатысушы құрамаларға сәттілік тілеп, әділ қазыларға жастардың ойынына әділ баға берер деген ой қалдырды.
Шараның мақсаты – «Мемлекеттік жастар саясаты» туралы Заңын жүзеге асыру аясында мектеп оқушылары арасында білімді, білікті, тапқыр, ұшқыр ойлы өз ойын еркін жеткізе алатын азаматтарды қалыптастыру, рухани және мәдени құндылықтарды арттыру, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, жас дарындыларды айқындап қолдау көрсету, жайдарманшылардың өзара тәжірибе алмасуына, жаңа ұсыныстар мен идеяларын қалыптасуына жол ашу.
Сайыс бес минуттық сәлемдесуден тұрды.
Аталған шараға №19 Д.Қонаев атындағы МГ «Қонаев жастары», №2 Мыңбұлақ ОМ «Өзіміздің жігіттер», №15 мектеп-лицейінен «Том и Джери», №1 МГ «Жалынды жастар», №27 Диқан ОМ – «Бесбармақ», №16 С.Сейфуллин атындағы ОМ – «Серпін», Амангелді атындағы ОМ – «Ешкере», №1 МГ – «Жұлдызды қыздар», №2 Мыңбұлақ ОМ – «Мыңбұлақ KZ», «Фристайл» құрамалары қатысып, бақ сынасты.
Маусымашардың қорытындысында ойынға ерекше өнерлерін көрсеткен 18 құрамаға жолдама берілді.
Айгүл Қалымханқызы,
«Жаңа өмір»