Basty bet
Өрт қауіпсіздігін сақтайық!
Ауа райының тым ыстық болуына байланысты, аудандық өрт сөндіру бөлімінің 101 жүйесі тұрғындарынан түскен телефон шылдырынан тыным таппай өрт және жануалардың қауіпсіздігі туралы қоңыраулар толассыз түсіп жатыр. Осы болған өрт оқиғаларының 80 пайызы жеке тұрғын үйлерде орын алуда. Сонымен қатар, тұрғындардың өрт қауіпсіздік ережелеріне салғырттықпен қарауынан және жас балалардың отпен ойнауынан шыққаны анықталып жатады.
Ағымдағы жылдың 31 шілде күні Ақтөбе ауылы Руханият көшесінің тұрғын үйлердің бірінің ауласына қи-қоқысты абайсызда жаққан. Жағылған қи-қоқыстың жан-жағы қураған шөптер мен қиларларға толы болған, адам қолымен жағылған өрт айналасындағы 200 шаршы метр қураған шөптер мен қиларды жайпап 5 метр қашықтықта орналасқан қораға тиіп, ішіндегі 200 түк шөбімен толығымен өртке оранған болатын. Осындай жағдайлардың алдын алмағаны үшін, өртке сақтықпен қарамағаны үшін үй егесіне әкімшілік айыппұл салынды. Нәтижесінде өздеріңіз түсінгендей, кішкентай қи-қоқыс үлкен шығынға әкеп соқты.
Өрт сөндіру бөлімі ескертеді!
Құрметті тұрғындар мен ата-аналар, қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін мейлінше сақтауларыңызды сұранамыз! Балаларыңызды қараусыз қалдырмаңыздар және сіріңкені балалардың қолы жететін жерге қоймаңыздар!
Жаннұр ҮСЕНБАЙ,
аудандық №7 Өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі,
азаматтық қорғау старшинасы