Basty bet

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы Хабарландыру

Жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:
E-4 санаты бойынша:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары
№ Санаты Лауазымдық  жалақысы  қызмет  өткерген жылдарын есептегенде
теңгедентеңгеге дейін
1 E-4 195 549 224 624
«Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (индекс 080300, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Жамбыл көшесі №12, №22 кабинет, анықтама үшін телефондар: 8(72635) 2-16-69, 2-13-81, e-mail: m.turmagambet@zhambyl.gov.kz – (Электрондық поштаның рұқсат етілген файлдар өлшемі: бекітілген файлдардың көлемі 20 мегабайттан аспауы керек (20 мегабайттан асқан жағдайда, бірнеше хабарлама арқылы жолдау ұсынылады). Бұлттық сервистерде тіркелген файлдар (облако mail, google диск, yandex диск және т. б. осындай сияқты) қабылданбайды (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы №832 қаулысының 128-тармағына сәйкес) бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
1. Жуалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және мемлекеттік – құқықтық жұмысы бөлімшесінің  бас маманы  (санаты Е-4,  1 бірлік) (Лауазым №4-06-1-18):
Функционалдық міндеттері:
Б блок. Бөлімшеге  бақылауға алынған Президенттің, Үкіметтің, облыс және аудан  әкімдерінің, әкімдіктерінің  актілерінің орындалуы бойынша жинақтау папкаларын жүргізу Жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының енгізілуін ұйымдастырып, бақылау жасау. Аудан әкімінің тұрғындар алдында және жергілікті мәслихат депутаттары алдындағы есебі бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және өткізілуін қамтамасыз ету, құжаттарды дайындау. Бөлімше басшысының басқа да тапсырмаларын орындау. Сайлауға қатысты жұмыстарды ұйымдастырады, сондай-ақ сайлау өткізу бойынша ауданның аумақтық сайлау комиссиясымен өзара бірлесе отырып, жұмыстар жүргізу. Сайлаушылар базасымен жұмыс жүргізу. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізуге жауапты болу және тоқсандық, жылдық есептерін тапсыру.
Аудан әкімі аппаратында  және оның құрылымдық бөлімдерінде, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарында  Президенттің, Үкіметтің, облыс және аудан әкімінің актілерінің орындалуына жалпы бақылауды жүзеге асыру, орындалу сапасына бақылау жасау.
Бекітілген ауылдық округ әкімі аппаратының және әкімдік бөлімінің  жұмыстарын үйлестіреді және қадағалайды. Әкімдік мәжілісіне, аппараттық, селекторлық, мәдени іс-шаралар мәжілістеріне арнайы шақырылтылғандардың тізім бойынша қатысуын қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі: Педагогикалық ғылымдар саласындағы немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат саласындағы немесе бизнес, басқару және құқық саласындағы немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика саласындағы немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы.
Мамандығы: Педагогика және психология немесе құқық және экономика негіздері немесе информатика немесе тарих немесе қазақ тілі мен әдебиеті немесе орыс тілі мен әдебиеті немесе әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану немесе философия немесе тарих немесе филология  немесе аударма ісі немесе халықаралық қатынастар немесе әлеуметтану немесе саясаттану немесе психология немесе аймақтану немесе қоғамдық байланыс немесе журналистика немесе экономика немесе менеджмент немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе әлемдік экономика немесе еңбекті ұйымдастыру және нормалау немесе құқықтану немесе халықаралық құқық немесе статистика немесе информатика немесе ақпараттық жүйелер немесе есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету немесе радиотехника, электроника және телекоммуникациялар немесе ақпараттық қауіпсіздік жүйелері немесе стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша) немесе туризм немесе қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі немесе әлеуметтік жұмыс.
Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу.
Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы.
Қазақстан Республикасының еңбек және азаматтық Заңнамаларын және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңын, функционалдық міндеттеріне сәйкес басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған “Б” корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі;
3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
“Болашақ” халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
“Болашақ” халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға “Халықааралық бағдарламалар орталығы” Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің “Болашақ” халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) “Е-қызмет” интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:
1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметшілер келесі құжаттарды тапсырады:
1) Өтініш;
2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №24350 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысан бойынша тиісті персоналды басқару қызметімен (кадр қызметімен) құжаттар ұсынылған күнге дейін күнтізбелік отыз күн ішінде куәландырылған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Бұл ретте мемлекеттік қызметшілер “Е-қызмет” интегралды ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды тапсыра алады.
Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.
Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі конкурстық комиссия хатшысының оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде ұсынған кандидаттарға қолхат электрондық түрде құжат ұсынылған электрондық пошта мекенжайларына, ақпараттандыру объектілерімен жіберіледі.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
 Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша орналасқан Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не “Е-gov” электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, әңгімелесуге жіберілгендігі туралы хабар алған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде Жамбыл облысы Жуалы ауданы, Б.Момышулы ауылы, Жамбыл көшесі №12 мекенжайда орналасқан Жуалы ауданы әкімі аппаратында әңгімелесуден өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Жалпы конкурс қорытындысы бойынша конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидат (мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда) конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап күнтізбелік он жұмыс күн ішінде персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) мынадай құжаттарды тапсырады:
1) еңбек қызметін растайтын құжат (нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшірмесі);
2) “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) амбулаториялық-емханалық ұйымдарында қолданылатын медициналық есеп құжаттамасының нысандарына сәйкес құжатты тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген № 075/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариат куәландырған көшірмесі);
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20665 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығы) бекітілген “Психиатрия” психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну” мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесі нысаны бойынша құжат тапсырғанға дейін он күнтізбелік күннен аспайтын уақытта берілген мәлімет;
4) № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрықпен бекітілген “Наркология” психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну” мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесі нысаны бойынша құжат тапсырғанға дейін он күнтізбелік күннен аспайтын уақытта берілген мәлімет;
5) құжаттың электрондық көшірмесін тапсырған жағдайда білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының нотариат куәландырған көшірмелері.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

Таңдаулы материалдар

Close