Basty bet
“Ертегілер – халық даналығының айнасы”
Ежелгі дәуірдегі қазақ халқының мәдени мұраларының бір түрі – халық ауыз әдебиеті. Жалпы алғанда қай елдің болсын, көркем әдебиеті халық ауыз әдебиетінен бастау алады. Ал, халқымыздың тіл байлығы өте жоғары сатыда болғандықтан, ауыз әдебиеті жақсы деңгейде дамыған.
«Халық ауыз әдебиетінің бізге тигізер пайдасы қандай?» – десеңіз: оның ең басты құндылығы – халықтың салт-дәстүрін, өмір салтын сақтап, сипаттап, оны келесі ұрпаққа асыл мұра ретінде жеткізу. Халық ауыз әдебиетінің әр саласы адамға өзіндік тәрбиелік мән-мағынасын ұғындыру. Соның ішінде маңызы өте зор халық ауыз әдебиетінің бір саласы – ертегілер. Ертегі – ауыз әдебиетінің негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры – халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза. Қарапайым тілмен айтқанда, ертегі – арман-қиялдан туған қызықты көркем шығарма. Ертегілерді нәрестеге бесікте жатқан кезінен бастап айтады. Өсе келе бала ертегілердің мағынасын түсініп, өзіндік армандары мен өзіндік қиялдары пайда болады.
Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі аудандық, ауылдық ардагерлер кеңесі, Билер алқасының мүшелері, Аналар алқасы төрайымдарының қатысуымен «Әжемнің ертегісі» жобасы аясында «Ертегілер – халық даналығының айнасы» тақырыбымен он күндік өтті. Он күндік аясында әжелер балабақшаларды аралап, бүлдіршіндерге ертегі айтып беріп, қуаныш сыйлады.
***
Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде аудандық ардагерлер кеңесінің «Әжемнің ертегісі» жобасының аясында «Ертегілер – халық даналығының айнасы» атты шара өз жалғасын табуда.
Шараның мақсаты – ертегілер еліне саяхат жасау арқылы кішкентай оқырмандардың тілін жаттықтырып, сөздік қорын молайтуға жол ашады. Бүлдіршіндердің танымдық қабілетін арттыру, қиялын дамыту, адамгершілік пен шындыққа, ой-өрісін, сана-сезімін жан-жақты дамыта отырып, кішкентай бүлдіршіндердің бойына әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді сіңірумен бірге, имандылық пен ізгілікке тәрбиелеу.
Шараға аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің бірыңғай қорларды ұйымдастыру және пайдалану бөлімінің меңгерушісі М.Ермекбаева, кітапханашы М.Бахтиярова, редактор А.Шәкір және аудандық «Аналар» алқасының төрайымы Күлбақыт Айтқұлова, Бауыржан Момышұлы ауылының «Аналар» алқасының мүшесі Раушан Әлиева және Ақтөбе ауылындағы «Балбөбек» бөбекжай-балабақшасының қызметкерлері қатысты.
Әжелер «Балбөбек» бөбекжай-балабақшасының «Айгөлек» ересек тобына «Бала мен қарлығаш», «Соқыр күйші» ертегілерін оқып берді.
Ал, ертегіні тыңдаған «Айгөлек» ересек тобының бүлдіршіндері өз ойларымен білісіп, қойған сұрақтарға жарыса жауап берді.
Аудандық
орталықтандырылған кітапхана