Basty bet

Алаяқтардың арбауына түспеңіз!

Соңғы жылдары ауданымызда алаяқтыққа барып, ақша табуға жол бұрған азаматтардың саны күннен-күнге артып отыр.
Оның ішінде, көбінесе аз пайызбен несие алу және қайтарымсыз грант қаражатының ақшасын шығаруға тұрғындарды құлағдар етіп, ал азаматтар оңай жолмен пайда көреміз деп алаяқтарға ақшаларын беріп алданып, соңында осы мәселе бойынша қылмыстық іс қозғалып сотта қаралады.
Соңғы жылдары аудандық сотта алаяқтыққа қатысты қаралған қылмыстық істердің көрсеткіші ұлғаюда. Әсіресе мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген лауазымды адам өзінің қызмет бабын пайдалануымен жасауымен болып отыр.
Аудандық сотта 2022 жылы алаяқтыққа қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабымен алты қылмыстық іс қаралса, 2023 жылдың жеті айының өзінде ғана алты қылмыстық іс қаралған.
Алаяқтыққа қатысты қылмысқа баратын адамдар осы іс-әрекеті үшін заңнамаларда қарастырылған қылмыстық жауапкершіліктердің баратынын ескергені дұрыс.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабы «Алаяқтық».
1 бөлігі:
Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену үшін мүлкі тәркіленіп, екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру;
2 бөлігі.
Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен, мемлекеттік сатып алу саласында жасалған алаяқтық үшін төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру;
3 бөлігі;
Ірі мөлшерде мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған алаяқтық, егер ол өзінің қызмет бабын пайдалануымен ұштасса;
3) екі немесе одан да көп адамға қатысты;
4) бірнеше рет жасалған алаяқтық –
үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға;
4 бөлігі:
Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды:
1) қылмыстық топ жасаса;
2) аса iрi мөлшерде жасалса, –
5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Барлық жағдайда да қосымша жаза ретінде кінәлінің мүлкін тәркілеу жазасы қолданылады.
Қорытындылай келе, әр азамат сана-сезімі жеткілікті тұлға болып табылғанымен, сонда да осындай алаяқтарға сеніп, қателіктерге жол беруде, «Тегін келген дүниенің қадірі болмайды» дей келе, кез келген азаматқа сақ болғандары абзал дегім келеді.
Қылмыс жасаған алаяқтарға заң талаптарына сай шаралар қолданылатыны анық!

Мейіржан Исақов,
аудандық сот Әкімшісінің
жетекші маманы

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close