Basty bet

Сиқым Жәуіш батырдың қылышы

Жақында аудандық тарихи-өлкетану музейі тағы бір құнды жәдігермен толықты. Ол құнды жәдігерді табыстаушы – Қарасаз ауылының тұрғыны, Жәуіш батырдың ұрпағы Ерланбек Жұманбаев.
Батырдың ұрпағы Ерланбек бабасы Жәуіш кезінде «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдары атамекенді жаудан қорғау жолында XVII ғасырда жоңғарлармен болған соғысқа қатынасып, ерлік көрсеткеніндігін айтады. Ұрпақтары: «Батыр бабамыздан ұрпақтарына қалған бұл құнды жәдігер ұзақ жылдар бойы ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, осы кезге дейін аман сақталып келді. Бұл қылыш бабамыздың көзіндей болып төрде ілулі тұратын. Содан аудандық газетте тарихи-өлкетану музейі туралы жазылған мақалаларды оқығаннан кейін, әулетімізбен ақылдаса келе, батыр бабамыз жаугершілікте қолданған қасиетті қылышты музейге өткізуді жөн деп таптық»,- дейді.
Сиқым руының шежіресі бойынша Жәуіш бабадан – Бұлғақ, одан Өтеш, Өтен, Әжібай, Досқұл, Жұманбай, Оразалы болып тарайды. Бір сөзбен айтқанда, батыр Жәуіш бір елдің туы болған ерен тұлға. Енді осы Жәуіш бабаның қылышы музейдің төріне қойылып, тарихты айқындайтын құнды жәдігерге айналмақ.

Аудандық тарихи-өлкетану музей

Таңдаулы материалдар

Close