Basty bet

СЪЕЗДЕН СЕРПІН СЕЗІЛДІ

Өзiң түзел, сонан соң өзгенi түзе.
Лао-цзы

Бүгін “Nur Otan” Партиясының кезектен тыс XXII съезі өтті. Партияның Атқарушы хатшысы А.Оралов партияластарға жаңғыртудың жаңа белестерін таныстырды. Басты ұстаным – ашықтық, “Жаңа Қазақстан” құрудағы тапсырмалардың орындалуына ұйытқы болу, мәслихаттағы фракция депутаттарының ел сенімін ақтауы.
Ол үшін қайтпек керек?
Ел Президенті, Партия Төрағасы Қ.Тоқаев бұл “Партия барлық реформаға ұйытқы болуға тиіс. Ол үшін өзгерісті алдымен өзімізден бастауымыз керек. Сондықтан бүгінгі күн тәртібіндегі негізгі мәселе – Партияны жаңғырту” деді өз сөзінде.
Ол үшін конструктивті ой айтып, ел дамуына үлес қосуға жаны құмар белсенді азаматтарды қатарға қосу да маңызды. Елмен емін-еркін сөйлесе алатын, мұң-мұқтажына ден қойып қана қоймай, жанашырлықпен шешім іздей білетін азматтарды топтастыру маңызды, әрине.
Партия осы жаңғыру жолындағы ұстанымын жарияламас бұрын Саяси кеңес құрамына түбегейлі өзгеріс енгізді. Мәжілістегі фракция депутаттарының қатарына да белсенді азаматтар тартылып отыр.
Ал жаңғыртудың алғышартын қалыптастаруда қалыс қалдырмай ел ішіндегі бастауыш партия ұйымдарынан ұсыныс жинақтады. Оларды естіп, бүгін жария етті. Біз де өз тарапымыздан оннан аса ұсыныс жолдаған едік. Бүгін Партияластардың үні естілгеніне қуандық.
Жалпы қысқа мерзімде екі бірдей съезд өткізу – Партияның жаңғыру жолын мықтап таңдағанының айғағы деп білемін. Ал Партия атауының “Аманат” аталуы Партияның сапалық құрамының мықтап қалыптасып жатқанын айғақтайды.

Марат Нарымбеков,
“Amanat” партиясы Жуалы аудандық
филиалының атқарушы хатшысы

Таңдаулы материалдар

Close