Basty bet
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілерге арналған жадынама
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларын беру шарттарын жасасу кезінде шектi сауда үстемесiнiң мөлшерi мiндеттi түрде белгiленуге тиiс. Осы талап бұзылып жасалған мәмiле жарамсыз болады.
Шекті сауда үстемесінің жол берілетін мөлшері өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда берушінің сатып алу бағасының
он бес пайызынан аспайды. 9-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес белгіленетін, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшері асып кеткен кезде ішкі сауда субъектісі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
Анықтама үшін: Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 204-4-бабы – ішкі сауда субъектісінің сауда қызметін реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ӘМАТ-қа сауда үстемесінің мөлшерін асыруы – ескерту жасауға әкеп соғады, бір жыл ішінде қайталап асырып жібергені үшін – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 10 АЕК мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 75 АЕК мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – 300 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.