Basty bet
Күзгі екі айлық абаттандыру және санитарлық тазарту жұмыстарын өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексін, Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2023 жылдың 1 қыркүйек пен 31 қазан аралығында елді мекендерді абаттандыру және санитарлық тазарту жұмыстары ұйымдастырылсын.
2. №1 қосымшаға сәйкес, күзгі екі айлық абаттандыру және санитарлық тазарту кезеңінде орындалуы көзделген жұмыстар көлемі бойынша Б.Момышұлы ауылы мен ауылдық округ әкімдерінің ұсыныстары бекітілсін.
Күзгі екі айлық абаттандыру және санитарлық тазарту жұмыстары кезінде:
1) елді мекендерге тазалық орнату бойынша кең ауқымды іс-шаралар жүзеге асыруы ұйымдастырылсын;
2) көлік пен жаяу жүргіншілер жолдарын, тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардың алдын жөндеу мен жаңарту бойынша жұмыстарды ұйымдастырсын;
3)көшелердің жарықтандырылуын, сыртқы көрнекі құралдар мен жарнамаларды жақсарту бойынша шаралар қолданылсын, ескерткіштер мен сәулет нысандары тәртіпке келтіруін ұйымдастырсын.
3. №2 қосымшаға сәйкес күзгі екі айлық абаттандыру және санитарлық тазарту жөніндегі аудандық штабтың құрамы бекітілсін.
4. Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Жуалы ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі (М.Нуралиев, келісімі бойынша) 2023 жылға арнап бекітілген көлемінде, мемлекеттік орман қорына ағаш отырғызылуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «ҚазСуШар» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл филиалы Ақсай өндірістік бөлімшесі (Д.Нұрабаев, келісімі бойынша) шаруашылық каналдарды тазарту жұмыстарын уақытылы жүргізілуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
6. Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміның басшысы (Қ.Джатқанбаев) аудандық «Жаңа өмір – Новая жизнь» газетіне абаттандыру және санитарлық тазарту жұмыстары бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы мен аудан тұрғындарына өздері тұрып жатқан аумақтарда тазалықты сақтау туралы мақалалар жариялануын ұйымдастырсын.
7. Бауыржан Момышұлы ауылы және ауылдық округтер әкімдеріне күзгі екі айлық абаттандыру және санитарлық тазарту жұмыстары кезеңінде орындалуы көзделген жұмыстардың атқарылуы бойынша аптаның әр бейсенбі күніне аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне ақпарат жолдасын.
8. Жуалы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 25 тамыздағы «Күзгі екі айлық абаттандыру және санитарлық тазарту жұмыстарын өткізу туралы» №320 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Жабағы Асхат Базарбайұлына жүктелсін.
Ж.Мұртаза,
аудан әкімі