Basty bet

Жемқорлықты жою – жалпыға ортақ міндет!

Ақсай ауылдық округінде 3 112 тұрғынды қамтитын 2 елді мекен бар. Округте 1 кітапхана, 2 мектеп, 2 мемлекеттік және 1 жекеменшік балабақша, 1 фельдшерлік – амбулаториялық пункт орналасқан. Округ әкімінің аппаратында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын орындау іс-шаралар жоспары бекітілген. Осы жоспарға сәйкес білім беру орындарында, мәдениет және денсаулық сақтау мекемелерінде ұжым мүшелерімен мәдени көпшілік іс-шаралар өткізіп тұру дәстүрге айналған. Бұл іс-шараларға құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, «Amanat» партиясының басшылығы, қоғамдық бірлестік жетекшілерін мен жергілікті қоғамдастық өкілдерін, ауыл ардагерлерін қатыстыра отырып, ұйымдастырылуда.
Ғимаратта халыққа тиімді және ыңғайластырылған сервистік әкімдік пен қоғамдық бұрыш ашылып, халыққа тұрақты қызмет қылуда.
«Жемқорлық дерт – оны жою міндет» мақсатында жазылған баннер елді – мекен аумағына ілінген. Ел Президентінің үндеулерінде айтылатын сыбайлас жемқорлықтың қоғамға залалы туралы тұрақты насихатталуда.
Шаруа қожалықтарына және басқа да кәсіпкерлер өндірген өнімдеріне байланысты субсидия беру немесе несие беру кезінде делдалдық жүрмеуі қатаң бақылауға алынған.
«Кәсібің – нәсібің!» демекші, жемқорлықтан сақтанудың бірден-бір жолы кәсіпкерлікпен айналысу екенін ауыл тұрғындары жақсы біледі. Сол себепті округ тұрғындарының кәсіпкерлікпен айналысуға деген құлшынысы артуда. Бүгінде ауыл округінде 134 шаруа қожалығы, 334 жеке кәсіпкер, 7 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері мен 4 жауапкершілігі шектеулі серіктестік тіркелген.
Қоғамдық қауіпсіздікті, қылмыс және құқық бұзушылыққа қарсы күресті қамтамасыз ету – ауыл тұрғындары арасында бұзақылық пен тәртіп бұзушылықтың алдын-алу мақсатында ауылдық жерлерде ақсақалдар алқасы мен жергілікті қоғамдастық өкілдерінің жұмыстары оң әсер етуде.
Ауылдық округ инспекторы қызметін полиция майоры Е.Саурықов атқарады. Оның айтуынша 2025 жылдың 4 айында қылмыстық іс тіркелген жоқ. Әкімшілік құқық – бұзушылық фактілері бойынша 140 әкімшілік хаттама толтырылып, оның ішінде 90 хаттамаға, айыппұл салынып, төленді.
Бүгінгі таңда, бірлесе атқарған жұмыстардың нәтижесінде Ақсай ауылдық округінде сыбайлас жемқорлыққа байланысты фактілер тіркелген жоқ.

Ақсай ауылдық округі
әкімінің аппараты

Таңдаулы материалдар

Close