Basty bet

Архивте – «Ашық есік күні»

Жақында Жуалы ауданының мемлекеттік архивінде «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» тақырыбында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша «Ашық есік күні» іс-шарасы өтті.
Жеке тұлғаларға тақырып аясында жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ мемлекеттік корпорациясының» жауапты маман-қызметкерлері – Самат Әбиір, Мереке Сарсен және архивтің жауапты қызметкерлері қатысты.
Күн тәртібінде жеке тұлғаларға мамандардың тарапынан Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы №159 бұйрығымен бекітілген «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары кеңінен түсіндірілді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» және электрондық үкімет egov.kz веб-порталы арқылы ЭЦҚ алу, архивтік анықтамалар және көшірмелерді алуын және өтініш беруін түсіндіру. Сонымен қатар, архив қызметкерлері мемлекеттік корпорация қызметкерлеріне архив қызметіне жүгінетін «Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ мемлекеттік корпорациясының» мамандары арқылы жеке тұлғалардың архивке тасталатын өтініштерінің дұрыс рәсімделуін қамтамасыз етуге және зейнеткерлікке шығуға өтініш білдірген жеке азаматтардың еңбек өтілдері, шешімдер, келісім-шарттар және шаруашылық кітабында толтырылған жазбалардың дұрыстығын және оның дәлдігін қадағалау туралы түсіндіріліп, ашық пікір алмасу болды.
Рүстем Қайпеков,
«Жуалы ауданының мемлекеттік архиві»
КММ-ның архивисі

Таңдаулы материалдар

Close