Basty bet

Салық төлеу – азаматтық борыш!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы ел өміріндегі аса күрделі әрі жауапты кезеңде жарияланып отырғаны белгілі. Тұтастай алғанда, мемлекеттің алдында межелі міндеттер мен қадау-қадау тапсырмалар ретінде қойылып отырған мәселелер жауаптыларға екі есе жауапкершілік жүктейтінін де терең ескерген жөн. Президенттің қатаң тапсырып отырған жұмыстарының барлығы елдің дамуына, халық тұрмысының артуына және жарқын болашаққа бағытталып отырғаны анық.
«Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа арналған жаңа Жолдауда салық саясатын тиімді іске асыру, бұл бағыттағы жұмыстарды жетілдіру сияқты маңызды мәселелерге де назар аударылған.
Бұл туралы Қ.Тоқаев: «Жаңа экономикалық үлгіге көшкенде аймақтардың бюджет мәселесіндегі дербестігін арттыру керек. Корпоративтік табыс салығынан және басқа төлем түрлерінен түсетін кірістің бір бөлігін өңірлерге беру оң нәтиже көрсетті. Былтыр аймақтар табысының өсімі 30 пайыздан асты. Сондықтан реформаның келесі кезеңінде осы норманы өзге де салықтарға, оның ішінде қосымша құн салығына да қатысты қолдану қажет»,- деп атап өтті.
Өңірде салық саясатын жүргізу және мемлекеттің кірісін молайту мақсатында Жуалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы мекемесімен атқарылып жатқан бірқатар жұмыстар бар.
Қазақстан Републикасы Конституциясының 35-бабында атап көрсетілгендей, заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу – әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады.
Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің 13-бабының 3-тармағы салықтық міндеттемелерді уақтылы және толық көлемде орындауға міндетті делінген.
Осыған сәйкес, аудан бойынша барлық кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды және жеке кәсіпкерлерге тиесілі салықтық берешек ағымдағы жылдың басына 3408,0 мың теңгені құраған болса, есепті күнге 20399,0 мың теңгені немесе 16991,0 мың теңгеге өскен. Ал әлеуметтік төлемдер жылдың басына 3898,0 мың теңге болса, есепті күнге 12600,0 мың теңге құрап немесе 8702,0 мың теңгеге өсіп отыр.
Салықтық берешекті төлеу – азаматтардың мемлекет алдындағы азаматтық борышы болып есептеледі. Бұл ретте салықтық берешегі бар және оны уақтылы төлемеген салық төлеушілерге тиісті шаралар қолданылады.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 118-бабына сәйкес, салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру шарасы қолданылады. Сондай-ақ, аталған кодекстің 122-123-баптарына сәйкес, банктік шоттардағы ақшаның есебінен бюджетке берешекті өндіріп алу мен салық төлеушiнiң (салық агентігінің) салықтық берешегі сомасын оның дебиторларының шоттарынан өндiрiп алу іс-шаралары да бар екенін еске саламын.
Жеке тұлғалардың көлік құралына қатысты уақтылы төленбеген салықтық берешектері бойынша Салық кодексінің 128-бабының нормасы салық төлеуші – дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайтын жеке тұлғаның салықтық берешегін өндіріп алу шарасы сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен мәжбүрлеп орындату үшін аумақтығы бойынша тиісті әділет органдарына не жеке сот орындаушылардың өңірлік палатасына жіберу арқылы да орындалу шаралары жүргізіледі.
Сондай-ақ, бұдан ары қарай уақтылы төленбеген салық төлеушілерге ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 91-92, және 92-1-баптарымен әлеуметтік төлемге қатысты болса, салықтар бойынша 279 және 288-баптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылады.

Ардақ Асқарова,
аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы

Таңдаулы материалдар

Close