Basty bet

18 азамат жұмысқа жолданды

Өткен жұма күні «Еңбек мобильдігі орталығы» мекемесінің Жуалы ауданы бойынша Мансаптық орталық филиалы аудандық “AMANAT” партиясымен бірігіп мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған “Кедергісіз келешек” атты бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді. Ауа райына байланысты алыс елді мекендерден келушілерге ыңғайлы болу үшін орталықтағы жәрмеңке кешке дейін жалғасты.
Жәрмеңкеге 48 жұмыс берушіден 75 жұмыс орны ұсынылды. Іс-шара нәтижесінде жалпы 18 азамат жұмысқа жолданды (тұрақты жұмысқа – 16 азамат, уақытша жұмыс орнына – 2 азамат). Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі 3 азамат жұмысқа жолданды (2 азамат субсидияланған жұмыс орнына, 1 азаматша квота бойынша тұрақты жұмыс орнына жолдама алды). Жұмыс ізденуші ретінде жеті азамат тіркелді, оның ішінде төртеуі мүмкіндігі шектеулі азамат.
“Мансап” орталығы мамандарының айтуынша, жыл басынан 24 мүмкіндігі шектеулі азамат жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысты («Бастау-бизнес» жобасына 2 адам, тұрақты жұмысқа 8 адам, ақылы қоғамдық жұмысқа 13 адам, «Күміс жас» жобасына 1 адам жолдама алды).
Жәрмеңкеге қатысушыларға Ұлттық жобаға қатысу тәртібі және жұмыспен қамту белсенді шаралары жөнінде ақпарат беріліп, консультативтік көмек көрсетілді және «жұмыс ізденуші» ретінде тіркелуге көмек көрсетілді.
Айта кету керек, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2023 жылғы 20 сәуірінде Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексін қабылдаған.
Кодекске сәйкес, Жуалы ауданы әкімдігінің 2023 жылдың 17 шілдесінде №188 қаулы «Жуалы ауданы бойынша 2023 жылға арналған жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» 1 қосымшасына сәйкес «Жуалы ауданының ұйымдарына ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға арналған жұмыс орындарының квотасы» бекітілген. Яғни, 2023 жылы қаулымен белгіленген 5 мекемеде 9 жұмыс орны бекітілді. Бұл жоспар 100 пайыз орындалған.
Сонымен бірге, өткен жылы мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында тиісті шаралар қабылданып, «Ұлттық жобаның» шеңберінде барлығы 245 азамат тартылған. Оның ішінде, тұрақты жұмысқа 80 адам, ақылы қоғамдық жұмыстарға 25 адам, “Жастар тәжірибесі” бағдарламасына 5 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 4 адам, «Күміс жас» жобасына 4 адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасына 2 адам жолдама алған. Сондай-ақ, 23 адамға қайтарымсыз гранттар берілген. «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқуға 96 адам және үш айлық қысқа мерзімді оқу курстарына 6 адам қатысқан. “Ұлттық жоба” шеңберіндегі жоспарлы жұмыстар биыл да жалғасын табады.

Перизат Шымыртайқызы,
“Жаңа өмір”

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close